Атырау, 18 желтоқсан 21:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Сайлаудан кейінгі Қазақстан: жаңа президент неден бастау керек?», «"Заң бұзудан" және кандидаттан көңілі қалғандар», «Азаптау, тыйым мен шектеу азайған жоқ», «Досым Сәтпаев: “Менің айтқаным айдай келді…”».

3 035 просмотра

AZATTYQ.ORG «"Заң бұзудан" және кандидаттан көңілі қалғандар» - Маусымның 9-ында өткен Қазақстан президенті сайлауынан кейін кейбір учаскелерде сайлау процедурасының шарттары бұзылғаны туралы түрлі ақпарат әлеуметтік желілерде жиі тарады. Азаттық мұның жай-жапсарын дауыс беру процедурасын бақылаған өкілдерден білуге тырысты.

«Күзет күшейіп, жүзден астам адам ұсталған күн» - 12 маусымда Қазақстанда полиция жүзден астам адамды ұстады. Алматы мен Нұр-Сұлтанда күзет күшейді. Алматы қаласында дүкендер, кафе-мейрамханалар және дәріханалар жабылды.

«Азаптау, тыйым мен шектеу азайған жоқ» - Халықаралық Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымы Қазақстанды азаматтарға бейбіт жиын өткізуге биліктен рұқсат алуды міндеттейтін заң ережесін жоюға, үкіметтің жер реформасына қарсы шеруден кейін сотталған Макс Боқаевты түрмеден босатуға шақырды. Ұйым Нұр-Сұлтанға азаптауға қарсы тиімді шара қабылдап, азаматтардың пікір білдіру және бірлестік құру бостандығын қамтамасыз етуді ұсынады.

«Сайлау қалай өтті?» - Президент сайлауы өткен соң сайлауда бақылаушы болған бір топ қоғамдық белсенді Respublica атты саяси қозғалыс құратындарын мәлімдеді. AzattyqLIVE хабарында сол ұйымның мүшесі Бэлла Орынбетовамен сайлаудың нәтижесін талқыланды.

CAMONITOR.KZ. «Сайлаудан кейінгі Қазақстан: жаңа президент неден бастау керек?» - Сонымен, сайлау жарысы артта қалды. Ол бәрі болжағандай болып аяқталды, яғни үлкен артықшылықпен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңді. Дегенмен, соңғы үш ай бойы қазақстандықтарды сайлау нәтижелерінен гөрі, сайлаудан кейін не болатыны көбірек алаңдатқан болатын. Бізге бүгін қонаққа келген саясаттанушы Данияр Әшімбаевты Қазақстандағы саяси жағдайды дамытудың ықтимал сценарийлерін ашуды өтіндік.

DALANEWS.KZ.  «Досым Сәтпаев: “Менің айтқаным айдай келді…”» - «Сайлау және онда шынайы таңдау жасау мүмкіндігі туралы жарияланды. Бірақ Қазақстанда бұл екі бөлек нәрсе, негізі.

«Мұхамеджан Тазабек: “Ринаттың ұлтты сүюі – жек көріп, жауласуға себеп болмайды”» - Бірден басын ашып айтайын, Ринатпен шәй дескен жеріміз жоқ. Жүздескен күннен бері сәлеміміз түзу, бетіміз ашық. Балғынбек екеуінің орысша айтысын талай тіл түсінбейтін дүбәраларға тыңдатып, қазақ өнерінің үздіктері ретінде насиxаттаған да кезім көп.

TURKYSTAN.KZ. «Қарадан шығып хан болған» - Былтыр – Қазақстандағы Өзбекстан жылы, биыл – Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жарияланды. Бұл шешімге төскейде малы, төсекте басы қосылған туысқан екі елдің тарихы мен тағдырында ортақ тұстың көп екені себеп болған шығар. Соның бірі – Ресейде патша үкіметі құлап, түркі дүниесін тәуелсіздік рухы шарлаған ХХ ғасырдың басы. Қоқан автономиясы мен Түркістан Республикасын құрарда түркі баласы бөліне-жарылмай бірге қимылдады. Сол секілді Орта Азиядағы тұңғыш тәуелсіз мемлекет – Хорезм Халық Республикасын нығайтып, дамытуға қазақ перзенті Меңдіқожа Ибнәминов көп еңбек сіңірді.

«Мырзатай Жолдасбеков: Мен дүние жимадым, кітап жидым» - Азаттықтың ақ таңы атып, ел іргесінің бекуіне ерекше еңбек сіңірген екі адам болса, соның бірі – Мырзатай Жолдасбеков. Қалың қазақтың құрметіне бөленген ел ағасы саналы ғұмырында халықтың бар қуанышы мен сүйінішін бірге көрді. Көргені мен білгенін, көңіліне түйгенін қалың оқырманына жеткізіп жүрген тұлғаның әлі де айтары таусылмағаны шүбәсіз. Сондықтан қазақтың жанашыры, ұлттың ұлы Мырзатай ағамызбен әңгіме-дүкен құрғанды жөн санадық.


13 маусым 2019, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.