AZATTYQ.ORG «Тоқаев Назарбаевтың стратегиясын жүзеге асыруға уәде етті» - Наразыларды жаппай ұстаумен ерекшеленген және батыс бақылаушылары заң бұзу фактілері көп болды деп бағалаған президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді. Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев салған бағыттан таймайтынын мәлімдеді.
«Сайлау һәм наразылық. Шетелдік сарапшылар реакциясы» - Қазақстандағы соңғы оқиғаларды бақылап жүрген шетелдік сарапшылардың пайымдауынша, Назарбаевсыз өткен алғашқы сайлау билікке қарсы наразылықпен есте қалады.
«Барлық журналисті ұстау мүмкін емес» - Маусымның 9-ы күні Алматы қаласындағы Астана алаңында өткен сайлауға қарсы наразылық шарасына қатысқан азаматтар мен оқиға орнынан ақпарат таратқан бірнеше журналисті полиция ұстаған. Олардың қатарында франциялық AFP (Agence France-Presse) ақпараттық агенттігінің Орталық Азия бойынша тілшісі Крис Риклтон да бар. Полиция бөлімшесіне жеткізіліп, кейіннен босап шыққан шетелдік журналист Азаттық тілшісімен сұхбатта бейбіт жиыннан хабар беретін журналистер құқығы қалай бұзылғанын және наразыларды жаппай ұстау мемлекетке неге тиімсіз екенін айтты.
365INFO.KZ «Қазақстанда 67 ірі су көзі ластанған» - Қазақстандағы 67 ірі су көзі ауызсу ретінде пайдалануға жарамсыз.
«Көп балалы аналарға не білу керек: салық, балабақшалар, мектептер. 3 бөлім» - 2020 жылдан бастап Қазақстанда көп балалы отбасыларға салықтық жеңілдіктер берілетін болады. Сондай-ақ, өңірлік билік тарапынан атаулы көмек қарастырылған. Аз қамтылған қазақстандықтарға көлікте жол жүруге, коммуналдық шоттарды төлеуге және т. б. жеңілдіктер жасалады.
INFORMBURO.KZ. «Ақшаны үнемдеп, Еуропада қалай демалуға болады? Жеке тәжірибе: Прагаға сапар» - Залал шекпей, тамаша әсер алып, қауіпсіз қыдыру мен ақшаны қалай үнемдеуге болатыны туралы айтамыз.
TURKYSTAN.KZ. «Бағасы удай, білімі қандай немесе ақылы мектептер кімге тиімді?» - Ертеректе «Күш – білімде, білім – кітапта» деген тәмсіл жиі айтылатын. Кітапты серігіне айналдырғандарға «оқымысты» деген лақап тағылып, «үлкен азамат болайын деп тұр» деп жақсылыққа жорушы еді. Бүгін ше? «Балам кітап оқысын» деп емес, «қымбат мектепте оқысын» дейтін ата-аналар көбейді. Сонда кітаптың орнын ақылы білім ошақтары басқан ба? Елімізде жыл сайын ақылы мектептердің саны артып келеді. Тіпті оған сұраныс та жоғары. Неге?
«Инвестор келгені кімге игі? халыққа ма, әлде...» - Жуырда елордада өткен ХІІ Астана экономикалық форумы әлемдік экономистердің, БАҚ өкілдерінің назарын аудартты. Осы АЭФ аясында өткізілген III Kazakhstan Global Investment Roundtable дөнгелек үстелінде қордаланып тұрған талай мәселе оңтайланғандай әсер қалдырды. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин төрағалық еткен жиында жалпы құны 8,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 43 коммерциялық келісімге қол қойылды.