2011 жылғы желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін мүлкін тәркілеумен 7,5 жылға сотталған Қазақстандық оппозиционер Владимир Козовқа қатысты соттың саяси астары жоқ, деп мәлімдеді Қазақстанның Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.
Алдын ала тергеу және сот талқылауы көрсеткендей, тіркелмеген «Алға» партиясының басшысы Владимир Козловтың және басқалардың жұмыстан босатылған мұнайшыларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қатаң қарсы тұруға бейімдеу жөніндегі белсенді әрекеттері Жаңаөгендегі жаппай тәртіпсіздіктердің себептерінің бірі болып табылған.
Козловтың тапсырмасы бойынша жұмыстан босатылғандар арасында таратылған үндеухаттарында, сотталушылардың үндеулері мен әңгімелерінде сарапшылармен әлеуметтік араздықты қоздыру, билікті күштеп құлатуға шақырулар белгілері анықталды.
Қазақстандық сарапшылардың бұл тұжырымдары филология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының Добролюбов атындағы Нижегородтық мемлекеттік лингвистикалық университетінің профессоры, лингвист-сарапшылар Гильдиясының мүшесі Михаил Грачевпен қуатталды.
Қорғау тарабымен тартылған ресейлік сарапшы Дмитрий Старостин сотта Козловпен және басқалармен айтылған сөздерге қатысты айтқаны, сөздәйегін келтірейін: «адамның және адамдар тобының ақыл-ойын, ой-пікірін, байымдауын, мінез-құлқын өгертуге ықпал ете алады»; оларда, сөздәйегін келтіремін: «қоғамдық қатынастардағы шиеленістерді шешу мақсатында күш қолдану қауіпін қамтитын материалдар бар».
Сот жан-жақты қарау, айтысу және тараптардың тең құқылығы принциптерін сақтай отырып, барынша ашық жағдайда өтті.
Процеске түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ, халықаралық байқаушылар қатысты.
«Айыптау және қорғау тараптарымен ұсынылған барлық дәлелдер сотпен зерделенді», - деді Сүйіндіков.
Дереккөз: newskaz.kz