8 қазанда Махамбет ауданының әкімі лауазымына Ерлан ЖАҢАБАЕВ тағайындалды.
Е. Жаңабаев 1983 жылы дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтын тәмамдаған. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында бас маман, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының аға маманы, инвестициялық саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы, осы басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2011 жылдан бастап – Махамбет ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек еткен.
8 қазанда Исатай ауданының әкімі болып Тұрарбек СҰЛТАНБЕКОВ тағайындалды.
Т. Сұлтанбеков 1959 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Исатай ауданында түрлі қызметтер (аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі және т.б.) атқарған. 2009 жылдан бастап Исатай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Бұрынғы әкім Ж. АХМЕТОВ басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнынан босатылды деп хабарланып отыр.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА