Атырау, 15 қараша 08:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Премьер-министр тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін «сақалды» қарыздарын «сызып» тастауды тапсырды

2 100 просмотра

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов коммуналдық қызметтер үшін «сақалды» қарыздарды жыл аяғына дейін шешуді тапсырды.

Белгілі болғандай бүгінде коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешек 8 млрд. теңгені құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет әкімдіктерге дебиторлық берешекті 50 пайызға төмендетуге тапсырма берген еді.

«Бүгінде республика бойынша берешек 8 млрд. теңгені құрап отыр. Жалпы бұл шешілмейтін үлкен проблема емес қой», - деп тоқталды С. Ахметов.

Оның пайымдауынша, жылу беру маусымына байланысты аталған қарыздарды жабу үрдісі жүріп жатыр. Бірқатар әкімдіктер берешекті екі есеге дейін төмендетуге қауқарлы.

«Атап айтқанда, бұл мәселе бойынша мақсат-міндетті төтесінен қою керек. Біз және әкімдіктер жаңа жылға дейін берешекті барынша азайту керек. Жаңа жылды қарызсыз бастау қажет»,-деді Премьер-Министр.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіпорындармен біріге отырып, жылдан-жылға көшіп келе жатқан коммуналдық қарыздарды мүмкіндік болғанша "сызып" тастаған жөн.

Үкімет басшысының айтуынша, жылдан-жылға көшіп жүрген «сақалды» қарыздар тұрғысында оны өтемейтіндер бар. «Оларды әкімдер біледі. Осы борышкерлер бәрі бір ешқашанда қарызын жаппайды. Сонымен қатар тұрғылықты жерден кетіп қалғандар да бар. Бұл қарыздар жылдап, қордаланып жинақталуда. Осы қарыздар коммуналдық кәсіпорындарда дебиторлық немесе кредиторлық берешек ретінде жинақталды. Бұл қарыздарды ұстап тұрғаннан не пайда? Бұл мәселені қалайда шешу керек»,-деді С. Ахметов.

Дерекөз: inform.kz

9 қазан 2012, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.