Атырау, 12 қараша 08:59
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Алматыдағы электр энергиясының ауқымды өшуіне кінәлілер жұмыстан шығарылды

2 078 просмотра

«КЕGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» 24 қыркүйек күні Алматы қаласында электр энергиясының ауқымды көлемде өшіп қалуына кінәлілерді жауапқа тартты.

Бұл жайында бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында компания басшысы Бақытжан Қажиев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, жүйедегі қысқа тұйықталудың салдарынан 500 килловольттық қосалқы стансадан таралатын желілердің өшуі болған. Оның өшуіне адами фактор себеп болды. Яғни, персоналдың қателік іс-қимылдары ықпал етті.

Оның айтуынша, тексеру нәтижесінде қатаң шаралар қабылданды. Атап айтқанда, бұл оқиғаға байланысты тікелей кінәсі барлар қызметтен босатылды. Сондай-ақ, Алматы қаласының өңірлік диспетчерлік орталығының басшысы да жұмыстан шығарылды. Бұған қоса, өндіріс бойынша вице-президенттен бастап, жылу электр орталығының және филиалдарының барлық басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданбақ.

Дереккөз: inform.kz

9 қазан 2012, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.