Атырау, 26 желтоқсан 01:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Болат Атабаев қайта қамауға алынуы мүмкін

2 773 просмотра

Бүгін Ақтауда оппозициялық саясаткерлерге қатысты сот процесі аяқталғанымен, режиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаевқа қатысты сот ісі қайта жандануы мүмкін. Бұл туралы Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекованың Твиттердегі жеке парақшасындағы жазбадан белгілі болды.

   Әлия Тұрысбекованың хабарлауынша, бүгінгі болған сот процесінде Қазақстан Республикасының бас прокуратурасына Болат Атабаевтың 65 бап бойынша бостандыққа шығу туралы шешімінің заңдылығын қайта қарау туралы арнайы қаулы қабылданған. Бұл деректі сот процесіне қатысқан құқыққорғаушы Әсел Нұрғазиева да растады.

   Жаңаөзен ісі бойынша Болат Атабаевқа «Конституциялық құрылымды күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақырды», «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылған еді. Ол 15 маусым күні күштеп қамауға алынып, 3 шілде күні Ақтаудың уақытша ұстау изоляторынан Қылмыстық кодекстің 65 бабы бойынша бостандыққа шыққан еді.

Дереккөз: janaozen.net

9 қазан 2012, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.