AZATTYQ.ORG. «Досым Сәтпаев: "Ескі кадрлармен жүйені жаңарту мүмкін емес"» - Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда сайлауалды насихаттың қалай өткені және жаңа президентті ішкі және сыртқы саясатта қандай сынақ күтіп тұрғаны туралы айтты.
«Шетелдегі қазақтар жаңа сайланатын президенттен не күтеді?» - Шетелде тұратын, сол жақта жұмыс істеп жүрген қазақтар Қазақстанда жаңадан сайланатын президент әділетті қоғам құрып, жемқорлық мәселесін шешсе дейді.
QAMSHY.KZ. «Абайла, билік! Абайла, халық! "Бір толқудың болары анық"» - Тура үш күннен кейін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы. Қазіргі таңда ОСК тіркеген жеті кандидат халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Білетіндер «бұл сайлау бұрынғы сайлаудан ерекше» дегенді айтады. Десе, дегендей-ақ, бұрындары сайлауға аса мән бермейтін халықтың бұл жолғы белсенділігі расында басқаша. Әсіресе, әлеуметтік желіде саяси дода турасында түрлі пікірлер жазылып, "болашақ президентіміз, міне, мына кандидат болады" деген нақты болжамдар да айтылып жатыр. Бірақ көптеген желі қолданушылары айтар сөзінің астарына үңіліп, жасаған болжамдарының байыбына барып жүр дей алмаймыз. Дей тұрғанмен сайлау туралы саяси сараптап, сауатты пікір жазып жүргендер де жоқ емес. Солардың бірі саясаттанушы Бауыржан Серікбаевтың айтқан ойларын, жазған пікірлерін Facebook желісінде тұшынып оқитындар көп. Осыған байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Бауыржан Серікбаевпен жасаған сұхбатын назарларыңызға ұсынады.
«Қойдың құйрық майының біз білмейтін қандай пайдасы бар?» - Белгілі жазушы, тарих зерттеушісі Жәди Шәкенұлы құйрық майдың емдік қасиеттері мен оның қандай ауруды емдейтінін айтты
«Түркістандық қыздың жанайқайы: Құжатта - өлі, өмірде – тірі» - Тірі қызының 2014 жылдан бері өлі екенін біле сала құжаттағы ақауды реттемек болған жақындары Отырар ауданындағы құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырумен жүр. Аудан әкіміне айтайын десе, "оған да жолатпайды" дейді.
ABAI.KZ. «Мембюджеттің 138 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсалған» - «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген сөз бар. Бюджет қаржысын қалай-болса солай пайдаланатын кейбір жауапты шенеуніктер туралы солай демеске шара жоқ.