Атырау, 2 желтоқсан 02:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Жылыой ауданының әкімі ауысты

9 373 просмотра

Бүгін, 8 қазанда Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ Жылыой ауданына барды. Процедураға сәйкес, тағайындалушының кандидатурасын аудандық мәслихат мақұлдап, содан кейін облыс әкімі оны жергілікті активке таныстырды.  

Жылыой ауданының жаңа әкімі лауазымына Максим ІЗБАСОВ тағайындалды. Оны бұл жердің өз адамы деп атауға болады. Көп жылдар бойына мұнай өндіруші оператор боп жұмыс жасаған, содан соң «Құлсарымұнай», «Теңізмұнайгаз», «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ-де, «Ембімұнайгаз» ӨФ-да басқарушы боп еңбек еткен. Соңғы жылдары NCOC консорциумында жергілікті билік органдарымен байланыс жөніндегі аға кеңесші қызметін атқарған.

Активте айтылғандай, ауданның бұрынғы әкімі Рахметолла НҰҒМАНОВ басқа лауазымға ауыстырылатын болады.

Облыс әкімі біздің газетімізде жазылған («Құлсарыдағы құлағалы тұрған үй» мақаласын қараңыз) Құлсары қаласының 1-ықшамауданындағы 5 қабатты апатты үйді қарап шықты.  Ол арнайы комиссия құрылып, комиссия қорытындысы бойынша шралар алынатындығын мәлімдеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 қазан 2012, 23:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.