Атырау, 26 желтоқсан 23:41
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Партия бұдан бейхабар

1 887 просмотра

«Кешендегі жұмыстар тоқтап тұр ма?» («АЖ» №40,  4 қазан 2012 жыл) деп аталатын жарияланым күтпеген жерден жалғасын тапты. Нұрсаядағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі құрылыс алаңында бақылаушылар ретінде баннерде көрсетілген «Нұр Отан» партиясы өзінің қадағалаушы өкілеттігін жоққа шығарып отыр.

«Баннерде көрсетілген «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен қалалық мәслихаттың депутаттары М.Рахманов пен С.Әлібаева бұл нысандардан бейхабар, өйткені бұл нысанда қалалық филиалдың партиялық бақылау қосыны құрылған жоқ, - деп жазады «АЖ»-ға «Нұр Отан» партиясы Атырау филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік БАЙМҰҚАШЕВ. – Баннерді орнатқан тұлғаларды таба алмағанымызды қаперлеріңізге береміз».

- Біздің  бұл баннерге ешқандай қатысымыз жоқ, - деді ол кейінірек телефон арқылы. – Бәлкім, әлдебір алақол адамдар біздің партияның атын жамылып, осылайша тексеруден құтылғысы келген шығар.

Алайда «Нұр Отанның» жалған баннерінен екі метрдей қашықтықта орнатылған мердігердің – «СнабОйлСтрой» компаниясының баннеріне қарағанда, президенттік партияның атын жамылып жұмыс істегендердің кімдер екенін анықтау қиын емес.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қазан 2012, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.