Атырау, 11 қараша 03:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Иванишвили жаңа үкіметте Премьер-министр қызметін атқарады

2 145 просмотра

Фото дереккөзі: kavkaz-uzel.ru«Грузин арманы» коалициясының басшысы Бидзина Иванишвили бүгін баспасөз мәслихатында парламенттің бекітуіне ұсынылатын республика жаңа үкіметінің құрамын жариялады. Иванишвилидің өзі онда Премьер-министрдің орнын иеленбек, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Оның айтуынша, елдің қорғаныс министріне ол 2004 жылы қорғаныс министрінің орынбасары, 2006-2008 жылдары Грузияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған Ираклий Аласанияның кандидатурасын ұсынған. Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметіне Иванишвили өзі құрған «Карту» қайырымдылық қорын ұзақ жылдар басқарған Ираклий Гарибашвилиді лайық деп тауыпты. Сыртқы саяси ведомстваның басшысы ретінде ол бұрын Грузияның Германиядағы, кейін Нидерландыдағы елшісі болған Майя Панджикидзенің есімін атады.

«Грузин арманы» парламенті төрағасы лауазымына коалиция құрамына кіретін Республикалық партияның басшысы Давид Усупашвили ұсынылды.

bnews.kz

8 қазан 2012, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.