Атырау, 27 сәуір 07:07
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Назарбаев, бойкот, билікке талап. "Халық құрылтайында" не айтылды?», «Тоқаев, Туск кездесуінде адам құқығы айтылды ма?», «Әлемді билеушілердің құпия жиыны Швейцарияда басталды», «Қарағандылық белсендінің өлімі және сайлауды бақылайтын тәуелсіз орталық».

2 221 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Назарбаев, бойкот, билікке талап. "Халық құрылтайында" не айтылды?» - Маусымның 1-і күні Нұр-Сұлтанда белсенділер ұйымдастырған "Халық құрылтайында" елді отыз жылға жуық басқарған Назарбаевтың билікті сақтап қалуы, сайлауға бойкот жариялау, жер, Қытайдағы қазақтар мен Қытаймен қарым-қатынас мәселелері айтылды. Қонақ үй әкімшілігі жиынның ғимаратта өтуіне қарсылық білдіріп, залдың жарығы мен интернетін өшірді.

«Тоқаев пен Туск кездесуінде адам құқығы айтылды ма?» - Мамырдың 31-і күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Тускпен кездесті. Тусктің Қазақстанға сапары қарсаңында белсенді жастар ЕО кеңесі басшысын елдегі адам құқығы ахуалына назар аударуға шақырды.

«Қарағандылық белсендінің өлімі және сайлауды бақылайтын тәуелсіз орталық» - Осы аптада аймақ баспасөзі Қарағандыда кісі қолынан қаза тапқан белсенді Ғалы Бақтыбаев жайлы жазды. Жергілікті басылымдар сонымен бірге Оралда сайлауды бақылайтын тәуелсіз орталық құрылғанын хабарлап, Ресеймен шекаралас аймақтағы қазақ ауылының тіршілігіне тоқталды.

«Жеті айлық сәбиімен бірге изоляторда қамауда болған. Енді үйқамақта» - "Тыйым салынған ұйым әрекетіне қатысы бар" деген күдікке ілінген алматылық көп балалы ана Оксана Шевчуктің омыраудағы сәбиі өткен айда анасымен бірге тергеу амалдарына "қатысқаннан" кейін бірнеше сағат бойы тергеу изоляторында қамауда болды. Ал маусымның 1-і, Балаларды қорғау күні билік көп балалы ананы үйқамаққа алды.

QAZAQTIMES.COM. «”Әлемді билеушілердің” құпия жиыны Швейцарияда басталды» -  «Әлемді шеңгеліне ұстап тұрған» 130 адам Швейцарияда бас қосты. Жиынға әлемнің бизнес, финанс және ақпарат саласының ең жоғары өкілдері жиналған. 4 күнге созылатын жиналысқа бірде-бір журналист кіргізілмеген. Сондықтан, онда не туралы әңгіме болғанын, не тақырыпта өткенін ешбір ақпарат құралдары тарата алмайды.  

JASQAZAQ.KZ. «Алып елдің бір бөлшегі» - Алматыдан барған бір топ журналист Цзинянда өткен үлкен жиынға қатысқан соң (ол туралы газетіміздің өткен санында жаздық), әрмен қарай Нинбо мен Ханжоу күтіп тұрды. Екі шаһар да Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға белсенді үлес қосып отыр. 

«Тимур Сегізбаевты білмейтін ұрпақ өсіп келеді» - Тимур Сегізбаев! Аңыз адам, қазақ футболының марқасқасы! Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Алматы жұртшылығы осы аяқ доп шеберінің ойынын көру үшін Қазақ КСР-інің Орталық стадионына тайлы-тұяғымен ағылатын. Әлем футболының падишасы «қара маржан» Пеле де қазақ үшін Тимурдың алдында түкке тұрмайтын. Португалияның жұлдызы Эйсебио да, бразилиялық қос тарлан Жаирзиньо мен Гарринча да Тимурдың алдында «жіп есе» алмайтын. Бұл ғажап ойыншылар өзгелер үшін пір шығар, ал қазақ жанкүйерлеріне Сегізбаевтан асқан серке болмаған.

AIKYN.KZ. «Салық пен сүлік арасы» - Қазақстанда көпқабатты үйлерде тұратын азаматтар жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Осы және басқа да елең еткізерлік жаңалықтар Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Кейбір заңнамалық актілерге салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасының тұжырымдамасында көзделген.

«Шандоз шайырдың тақиясы қайда?» - Сыр сүлейлерінің ішіндегі шандоз шайыр, танымал тәржімашы Тұрмағамбет Ізтілеуов, «Дүниеден өмірім бітіп, өтсем де өзім, аралап жердің жүзін жүрер сөзім, көре алмай кейінгіні кеттім-ау деп, арманда болмай-ақ қой екі көзім», деп жырлаған шайыр ақиқатында туған халқымен бірге жасасып келе жатыр.


3 маусым 2019, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.