Атырау, 26 желтоқсан 01:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстандық бокста қай өңір мықты екендігі анықталуда

3 340 просмотра

«Қазақстан бокс федерациясы кубогі» республикалық жарысында 6 қазан күні «Батыс» және «Солтүстік» дивизиондарының 1/8 финалдағы төрт ойыны өтіп, алғашқы ширекфинал қатысушылары анықталды.

Бұл туралы «Қазақстан бокс федерациясынан» хабарлады.

Жаңаөзен қаласында өткен «Батыс» дивизионындағы ойындарға ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және қола жүлдегерлер - Иван Дычко мен Марина Вольновалар құрметті қонақ ретінде қатысты.  Онда Маңғыстау облысының командасы ақтөбеліктерді 8:2 есебімен жеңді. Ал Атырау қаласындағы жарыстарда алаң иелері Батыс Қазақстан облысының боксшыларын 7:3 есебімен ұтты.

Қарағандыда жалауын желбіреткен «Солтүстік» дивизионында алаң иелері қостанайлықтарды 9:1 есебімен жеңді. Көкшетау қаласында Ақмола облысының былғары қолғап шеберлері Солтүстік Қазақстан облысының командасын 8:2 есебімен тізе бүктірді.

«Оңтүстік» пен «Шығыс» дивизиондарының ойындары 13 қазанда болады.

inform.kz

8 қазан 2012, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.