Атырау, 5 желтоқсан 08:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ислам даму банкі Қазақстан экономикасына 1 млрд доллардан астам инвестиция тартуға ниетті

4 595 рет қаралды

Ислам даму банкі таяу жылдары Қазақстан экономикасының әр түрлі секторларына, ең алдымен көлік, энергетикалық инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, ғылым, қаржы саласына, аймақаралық ынтымақтастыққа 1 млрд доллардан астам инвестиция тартуға ниет білдіріп отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан Үкіметі мен Ислам даму банкі «2012-2014 жылдарға арналған елдік серіктестік стартегиясын» қабылдады, құжат IDB Day инвестициялық конференциясы кезінде таныстырылды.
«Елдік серіктестік стартегиясы» Қазақстанның ИДБ-мен бірге жасаған алғашқы серіктестік жобасы болып табылады және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, орта және ұзақ мерзімді болашақтағы әртараптандырудың тиімді үдерісі арқылы экономиканы тұрақты өсіруге үлес қосады», - делінген ҚР ИЖТМ хабарламасында.

bnews.kz

8 қазан 2012, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.