Атырау, 18 желтоқсан 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Сот сайлау жайлы сауалнама жүргізген сайтты жазалады», «Орамал таққан сегіз шәкірт оқу жылы мектепке кіре алмады», «Кандидаттар теледебаты шынайы өтті ме?», «Нәубет жылдар ызғары. Қара көпірге ілінген бас пен босқан елдің көрген қорлығы».

2 271 просмотра

CAMONITOR.KZ. «Қазақ даласында хандарды кімдер және қалай таңдайтын: аңыздар мен шындық» - Әлбетте, электоралды кампанияға байланысты болар, біздің өлкемізде бір кездері толық демократия орнаған болатын және халық ханды өзі таңдайтын деген сөздерді соңғы кезде барған сайын жиі естуге тура келеді. Шын мәнінде, «сайлау құқығы» тек қана ақсүйектер өкілдерінде ғана болды, ал «сайлану құқығы» тіпті «асыл қанды» адамдардың өте тар шеңберінде ғана болатын. Бірақ сонымен қатар, белгілі бір «демократиялық рәсімдер» туралы айтуға болатын сияқты. Ханды кімдер және қалай таңдағаны туралы, кім хан бола алатыныны жөнінде біз университеттердің бірінің тарихшы-профессорымен әңгімелесеміз.

«ҚР президенттігіне кандидаттардың бағдарламаларында сөз көп болмағанмен, мағынасы одан да аз» - Егер қазақстандықтардан президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы тұғырнамаларымен олар қаншалықты жақсы таныс екенін сұраса, респонденттердің көпшілігі оларды тіпті оқымадық деп жауап беруі әбден ықтимал. Бұл қаншалықты ішкі қарама-қайшылықты қамтитын құбылыс болса да, шын мәнінде, сайлау науқанының ең басты құраушысы біздің елде сайлаушылар үшін де, осы бағдарламаларды жазатын адамдар үшін де жай формальдылыққа айналды...

AZATTYQ.ORG. «АЛЖИР жайлы шындықты кейінгі ұрпақ білсе деймін» - Қазақстанда совет билігі тұсындағы сталиндік репрессия құрбандарына арналған АЛЖИР мемориалдық музей кешенінде бұл күндері еске алу шаралары өтіп жатыр. Бүгінде бұрынғы тұтқындардың ұрпақтары, тарихты білуге құмартқандар мен шетелдіктер келетін орынға айналған кешен қызметкері АЛЖИР жайлы шындықты ұрпаққа қалдыруды мұрат еткен жеке азаматтардың бастамасы қалай іске асқанын айтып берді.

«Сот сайлау жайлы сауалнама жүргізген сайтты жазалады» - Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Таңдауыңыз кім?" деген сауалнама жүргізген Exclusive.kz басылымына 75 750 теңге көлемінде айыппұл салды.

«Орамал таққан сегіз шәкірт оқу жылы мектепке кіре алмады» - Ақтөбеде "мектеп формасын сақтамаған" сегіз шәкіртті биылғы оқу жылында мектепке кіргізбеді. Білім басқармасы оқушы өздігінен дайындалып, күзгі сынақтан өтсе және киімге қойылатын талапты орындаса келесі сыныпқа қабылданады дейді. Ата-аналар балаларының "дінге қатысы жоқ ұлттық киіммен" жүргенін айтады.

«Қуғындағы олигархтар мен саясаткерлер. Зеленский кезеңінде Украинаға тағы кімдер оралуы мүмкін?» - Украинаға еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне қайта ие болған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жарлық күшіне енген күннің ертесінде Киевке ұшып келді. Украинаның жаңа президентінің сайлануы бұрынғы билік кезінде елден қашқан бірқатар олигархтар мен саясаткерлердің "елге оралу үмітін" қайта оятқандай.

«Кандидаттар теледебаты шынайы өтті ме?» - Оппозициялық партия жетекшісі кандидаттар дебатын шынайы өтті деп санамайды. Ал медиа-менеджер "жеті кандидаттың үшеуі қатыспаған пікірсайысты көп адам көрген жоқ" дейді. 29 мамырда "Хабар" арнасында теледебат өткен. Дебатқа қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев келмеді.

INFORMBURO.KZ. «Нәубет жылдар ызғары. Қара көпірге ілінген бас пен босқан елдің көрген қорлығы» - Семейден бастау алып, Алтай, Баркөл, Тибет арқылы Үндістан мен Пакистанды басып Түркияға жеткен көш қалай басталды. Себеп неде?


31 мамыр 2019, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.