Ливия парламенті елдің Премьер-министрі Мустафа Әбу Шагурге сенімсіздік білдіріп, оны отставкаға жіберді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Бүгін Жалпыға ортақ ұлттық конгресс (парламент) елдің Премьері Мустафа Әбу Шагурге сенімсіздік вотумын білдірді. Рейтер агенттігі хабарлағандай, ол отставкаға жіберілді.
Еске сала кетсек, кеше Жерорта теңізінің елдері Сириядағы режимнің ауыстырылуын талап еткен болатын. 3 қазан күні Сириямен шекарада зеңбірек оқтарының құлауынан 5 адам қаза тауып, 10 адамның жарақат алуына қатысты Түркия Сирия аумағына оқ атты. Кей мәліметтер бойынша, атыс кезінде 10-ға жуық сириялық сарбаз көз жұмды. Сирия билігі осы оқиға үшін Түркиядан кешірім сұрады. НАТО мен БҰҰ Сириядан Түркияға қарсылық көрсетуді тез арада доғарауын талап етті.
5 қазан күні жабық отырысқа жиналған Түркия парламенті премьер кабинетіне трансшекаралық операцияларды өткізуге арналған жылдық мандатты ұсынды. Бірақ Эрдоған Түркия соғысты қаламайтынын айтты. Бүгін Жерорта теңізіне түріктің әскери кемелері жіберілді.