AZATTYQ.ORG. «Президенттіктен кеткен Назарбаевтың атағы көбейді» - Еуразия жоғары экономикалық кеңесінің (ЕАЭК) құрметті төрағасы лауазымның пайда болуы және бұл қызметке Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағайындалуы жайлы Азаттық сөйлескен бірнеше елдің сарапшылары әртүрлі пікір білдірді.
«Кандидаттар дебаты қалай өтті?» - Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасындағы теледебат мемлекеттік "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Бюджеттен 41 миллион теңге бөлінген теледебатқа төрт кандидат, үш сенімді өкіл қатысты. Шамамен бір жарым сағатқа созылған пікірталасты кейбір сарапшылар "баяндамасы бар конференцияға" ұқсатты.
«ЕАЭО-дағы бес жыл нені аңғартты?» - Нұр-Сұлтанда Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қойылғанына бес жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға одаққа мүше бес елдің президенттері қатысты. Одаққа енгелі бері бұл елдерде қандай өзгерістер болды? Одақтан кім ұтты? Кім ұтылды? Азаттық осы елдерде тұратын сарапшылардың пікірін білді.
«Әділдікке сенетін, мойымайтын жан еді» - Мамырдың 29-ы таңертең Алматыда жақындары, әріптестері журналист Розлана Таукинаны ақтық сапарға шығарып салды. Үш күн бұрын ауруханада көз жұмған журналист, қоғам қайраткері әрі құқық қорғаушы биыл қаңтарда 60-қа толған. Оның артында жұбайы, екі ұлы мен немересі қалды.
DALANEWS.KZ. «Болатхан Тайжан: “Мен мынаған қынжыламын…”» - Белгілі дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері марқұм Болатхан аға Тайжанның ұлттық рухымыз туралы өзіндік жан-жақты ойларын назарларыңызға ұсынып отырмыз, құрметті оқырман. Ұлттың жанашыры болып өткен жайсаң ағамыздың сөйлеген соңғы сөзін сол қалпында беруді жөн санадық.
INFORMBURO.KZ. «Бағалар мен қызыл диплом құнсызданды. Академиялық адалдық лигасы жоғары оқу орындарына қалай көмектеседі?» - Қазақстандағы жоғары оқу орындардың студенттері мен оқытушылары адал болғысы келеді. Елімізде Академиялық адалдық лигасы бар, оған мүше болу үшін жоғары оқу орындары әсіресе, сессия форматы бойынша белгілі бір шарттарды орындауы керек.
QAZAQTIMES.COM. «Евгений Жовтис: Сайлау туралы пікірталаста ешқандай мән жоқ» - Сайлау туралы пікірталаста ешқандай мән жоқ. Адам құқықтары және заңдылықты сақтау халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис өзінің «Facebook» парақшасында алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына байланысты пікірін білдірді.