Атырау, 29 желтоқсан 00:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Теңізде жатақхана өртеніп кетті (+толықтырылды)

3 137 просмотра

Бүгін, 7 қазан күні таңертең Теңіз кенішіне жақын вахталық поселкеде бір қабатты жұмысшылар жатақханасы өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Атырау облыстық ТЖ департаментінің диспетчерлік қызметіне 8 сағат 35 минутта өрт турлы дабыл түскен. Жедел кезекші Азамат ИМАНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, Жатақхана «Прайм логистик» ЖШС-іне тиесілі, ал оны «Денхоум жолдас» компаниясы жалға алған екен. Өрт орын алған кезде жатақханада ешкім болмаған, бәрі жұмысқа кеткен.

Өрт сағат 11-де ТШО-ның өртпен күрес қызметінің, сондай-ақ, «Өрт сөндіруші» АҚ (ТЖ бөлімшесі) күшімен сөндірілді. Аумағы 1000 шаршы метрден астам құрастырмалы ғимарат  түгелдей жанып кетті. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Келесі күні облыстық ТЖ департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Рүстем ӘБУЕВ нақтылағандай, оқиға аудан орталығынан 80 шақырым жердегі Теңіз вахталық поселкесінде орын алған. Екі жатақхана ғимараты отқа оранған.
- Екі жатақхананы алғанда жалпы саны 82 орынға арналған. Онда ТШО зауытының нысандарында жұмыс істейтін жұмысшылар тұрған, - дейді Р.Әбуев. – Жұмысшыларды уақытша «Тенгизнефтестрой» компаниясының жатақханасына орналастырды. Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптама тағайындалды.
Бізге облыстық ТЖД хабарлағандай, сараптаманы ақтөбелік мамандар жасайтын болады. Өйткені, бізде өрт-техникалық сарапшылар өте тапшы екен.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 қазан 2012, 21:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.