Атырау, 28 желтоқсан 17:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

АҚШ-та тыңшылық үшін ұсталғандардың тізімінде қазақстандықтар бар

2 041 просмотра

АҚШ-та тыңшылық үшін ұсталғандардың 4-еуі реселік болса, қалғандары ТДМ елдерінің тумалары, деп хабарлады Хьюстондағы РФ бас консулдығының консул-кеңесшісі Сергей Азизовқа сілтеме жасап Ресейлік Жаңалықтар агенттігі.

«Иә, бізде кімнің азаматтығы қандай екендігі туралы ақпарат бар... Пособилов Александр, Фишенко Александр мен Клебанова Викторияда АҚШ пен РФ-ның азаматтығы бар, Дятлова Анастасия тек ресейлік азаматтыққа ие. Қалғандары - Украина, Әзербайжан және Қазақстанның азаматтары», - деді Азизов.

АҚШ пен РФ арасында жаңа тыңшылық дау-дамай туындады. Федералдық тергеу бюросы Ресей Федерациясына  әскери технологияларды заңсыз экспорттаған бірнеше күдіктінің, соның ішінде ресейліктердің ұсталғандығын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта 11 күдіктінің сегізі ұсталды. АҚШ РФ-ға технологияларды экспорттауға қатысы бар 165 компания мен тұлғаларды «қара тізімге» енгізді.

Ресейдің СІМ-де бұл оқиғада түсініксіз жайттар көп екендігін мәлімдеді. Дипломаттар ұсталған ресейліктердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, олармен консулдық кездесулерді ұйымдастыруға ниетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

6 қазан 2012, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.