Атырау, 18 желтоқсан 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Голодомор және Ашаршылык: Украина тәжірибесі қазақ зерттеушілері үшін қандай үлгі бола алады?», «Украина азаматтығын алған Саакашвили саясатқа орала ма?», «Сатылатын мұнай үшін қашанғы Путиннің қабағына қараймыз?», «Ұлт композиторлары ұяла білсе...».

2 579 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Украина азаматтығын алған Саакашвили саясатқа орала ма?» - Екі жылға жуық уақыттан кейін Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Украина аумағына еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне ие болды. Одесса облысының бұрынғы губернаторының Украина азаматтығын қалпына келтіру туралы жарлығы күшіне енді. Саакашвили мамырдың 29-ы күні түстен кейін Киевке келуді жоспарлап отыр. 

«Бір елде «оянғандар» екі түрлі Қазақстанды көрді» - Мамырдың 27-сі күні әлеуметтік желіде #менояндым хэштегімен «оянған қазақстандықтардың» екі түрлі видео тарады. Бір топ оянғанда «адам құқығы шектелген Қазақстанды көрген». Екінші топ «миллион мүмкіндікті жүзеге асыруға болатын Қазақстанда оянған». Азаттық бұл роликтерге түскен жастармен тілдесті.

QAMSHY.KZ. «6 тонна алтын қайда кетті?» - Осыншама түсіңізде көретін байлыққа өз жанын сатып ала алмай, ең ақыры дінінен бас тартып, шошқа бағушының қолынан қылғынып өлген императорды білесіз бе? Ол үшін сәл тарихқа шегініс жасайық.

«Абылай ханның сүйегін экскаватор табанына таптаған кім?» - Біз осы уақытқа дейін Абылай ханның және басқа да қазақ хандарының мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген деп есептеп келеміз. Бірақ атақты жазушы Ордабек Шаяхметовтың кешегі "Халық жауы", Сталиндік ВКП(б) тарихының оқытушысы, райкомның екінші хатшысы Б. Қонақбаевпен жүргізген сұхбат негізінде жазылған "Түркістан тұтқыны" романында келтірілген деректер бұл пайымды теріске шығарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ABAI.KZ. «Сатылатын мұнай үшін қашанғы Путиннің қабағына қараймыз?» - Абырой болғанда Құдай қазаққа мұнайды беріпті. Әйтпегенде қайтпек екенбіз... Қазір сол мұнайды шетелге саудалап күнімізді көріп отырған елміз ғой. Ұлттық қорды да сол мұнайдың ақшасымен толтырамыз. Бюджеттің де жыртығын сол мұнайдың ақшасымен жамаймыз. Күн демей, түн демей қара жерден сорып жатқан сол мұнайдың 80%-ға жуығы экспортқа кетеді екен. Бюджеттің 50%-ын мұнай саудасынан түскен қаражат құрайды-мыс.

CAMONITOR.KZ. «Голодомор және Ашаршылык: Украина тәжірибесі қазақ зерттеушілері үшін қандай үлгі бола алады?» - Кеңес тарихының «ақ дақтары» бірте-бірте толтырылып жатыр, бірақ тарихи шындыққа апаратын жол ауыр, ал ақиқатқа көбінесе қол жеткізу қиын. Бұл ХХ ғасырдың ұлттық трагедиялары – Украинадағы Голодомор және Қазақстандағы Ашаршылық айналасында болып жатқан жайттардың мысалында айқын көрінеді.

INFORMBURO.KZ. «Қазақстандағы су тазалығы алаңдатады. Бурабайға неге суға түсуге болмайды?» - Бурабайда шомылуға бола ма? Арал теңізінің қазіргі жағдайы қандай? Сорбұлақ көлі тоспасы жарылып кетуі мүмкін.

DALANEWS.KZ.  «Расул Жұмалы: «Біздің шенеуніктерде қарапайымдылық жоқ» - «Бүгінгі күні біздің мемлекетте неліктен басы бар да, аяғы жоқ бағдарламалар көп? Өйткені шенеуніктер өздері түсініп тұрса да, аңғарып тұрса да, бастығына қарсы шықпайды», – дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

365INFO.KZ «Орталық Азияның қай елдері Ресейге тәуелді болып қалды?» - Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Ресейден ақша аударымдарын ең көп алатын елдер ретінде танылды. 2018 жылы РФ-дан ТМД елдеріне жеке тұлғалар жіберген 13,99 млрд доллардың 68,1%-ы осы «көшбасшы» үштікке тиесілі.

TURKYSTAN.KZ. «Қосшы қолын былғаса, басшының басы иіле ме немесе вице-министрлер кімдер?» - Таяуда ҚР Президенті Қ.Тоқаев жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңесте: «Ешкім де заңнан биік емес. Қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысы болса, орталықта да, өңірлерде де бірінші басшылар тікелей жауап береді», – деді. Яғни қосшысы қолын былғаса,басшысы басымен жауап беруі тиіс.

«Ұлт композиторлары ұяла білсе...» - Өнерді құдірет, өнерпаздықты қасиет десек те, оның өресін өсіретін талант. Бірақ талантты қалғытпай, алға ұмтылдыратын – ар-қамшы мен намыс-от.


29 мамыр 2019, 08:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.