Атырау, 28 желтоқсан 18:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мексика шығанағының түбінен ірі мұнай кен орны табылды

3 585 просмотра

Мексика Президенті Филиппе Кальдерон жақында ірі мұнай кен орнының ашылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РБК, Associated Press-ке сілтеме жасап. 

Petroleos Mexicanos мемлекеттік мұнай компаниясының зерттеулеріне сәйкес Мексика шығанағының түбінде 125 млн баррельге бағаланатын мұнай қоры бар.

Petroleos Mexicanos хабарлағандай, Supremus 1 ұңғымасы АҚШ-тың территориялық суларынан оңтүстікке қарай 39 шақырым қашықтықта орналасқан, оның тереңдігі 4 мыңнан астам метрді құрайды. Оны пайдалануға енгізген жағдайда ұңғымаға компанияның күніне шамамен 2,6 млн баррельді құрайтын күнделікті өнім көлемінің 10%-ы тиесілі болады.

Petroleos Mexicanos-тың мәліметінше, Пердидо белдеуі ретінде танымал ауданда 13 млрд баррель шикі мұнайға баланатын перспективалық қор бар. Егер болжамдар расталса, бұл ірі әлемдік мұнай өндірушілерінің ондығына кіретін

Мексиканың ағымдағы белгілі қорын екі есеге арттырады. 

bnews.kz

6 қазан 2012, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.