Қазақстанның қаржы полициясы алаяқтық үшін іздеуде жүрген Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиев пен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондонда жүр деген фактіні растамады да, жоққа да шығармады.
Бір күн бұрын кейбір қазақстандық БАҚ-тар көзбен көрушілердің сөзіне сілтеме жасап, ағайынды Рысқалиевтерді Лондонның орталығындағы кафелердің бірінде көрген, деп жазған.
«Біз ондай ақпаратты жоққа да шығармаймыз, растамаймыз да», - деді жұмада журналистерге Қазақстанның қаржы полициясы басшысының орынбасары Андрей Лукин.