Атырау, 26 желтоқсан 20:23
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ауғанстанда президент сайлауы 2014 жылы өтеді

2 675 просмотра

Ауғанстанда жаңа мемлекет басшысын сайлау қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2014 жылы өткізіледі және одан кейінгі мерзімге ауыстырылмайтын болды. Бұл жөнінде бейсенбі күні Ауғанстан Президенті Хамид Карзай мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың көктемінде Ауғанстан Президенті бір уақытта президенттік сайлауды өткізу мен шетел әскерлерін шығаруды аяқтау қиын процесс болады деп қауіптенетіндігін білдірген болатын. Осыған байланысты сайлауды 2013 жылға ауыстыру мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, Х.Карзайдың айтуынша мұндай шешім қабылданбайтын болды.

«Сайлау міндетті түрде болады, - деп «Голос России» радиосы Хамид Карзайдың сөзінен үзінді келтіреді. – Тіпті менің өкілеттілігім бір күнге болсын ұзартылса, бұл заңсыз болады», деп хабарлайды CA-NEWS.

bnews.kz

5 қазан 2012, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.