Атырау, 28 желтоқсан 17:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Эрдоған Сириямен соғыс болмайды, деп мәлімдеді

1 909 просмотра

Бейсенбі күні Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоған елдерінің соғыс ашпайтындығы туралы мәлімдеді, деп Reuters-ке сілтеме жасай отырып, Lenta.ru хабарлады.

Эрдоғанның мәлімдеуінше, Түркия шекарасынан тыс жерде әскери операцияларды өткізу мүмкіндігі туралы Түркия парламентінің шешімі тежеуші фактор ретінде қызмет етуі керек.

Дегенмен, Түркияның үкімет басшысы Түркия мемлекетінің өз азаматтары мен шекарасын қорғауға шамасы жететіндігін еске салды, және ешкімге түрік әскерінің күшін тексеруге кеңес берген жоқ.

Еске сала кетсек, 3 қазан күні Түркияның Акчакал қаласына Сирия аумағынан оқ жауды, екі әйел, үш бала көз жұмды. Оған жауап ретінде Түркия артиллериялық қаруымен Сирия аумағына қарай оқ атып, көрші ел әскерінің солдаттар жасағын қырып салды.

Түркия азаматтары өз аумағына оқтардың жаууын ұлттық қауіпісіздікке төнген қауіп деп қабылдады. Ал үкімет парламентке шетелде болуы мүмкін әскери операцияны мақұлдауды ұсынды. Депутаттар рұқсатының арқасында түрік билігі бір жыл ішінде әскерлерін Сирияға шығара алады.

Бұнымен қатар, бейсенбі күні Дамаск Түркия аумағындағы атыс фактісін ресми түрде мойындады және болған жағдай үшін кешірім сұрады. Бұл атыстың себептері мен оған қатысты адамдар жайлы ешқандай ақпарат жоқ.

bnews.kz

5 қазан 2012, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.