Атырау, 28 желтоқсан 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Әл-Каида», «Талибан» және Иран 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен құрбан болғандардың отбасына 6 млрд доллар төлеуі тиіс

2 583 просмотра

«Әл-Каида» ұйымы, «Талибан» ауған қозғалысы және Иран Ислам Республикасы 2011 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әрекеттен құрбан болғандардың отбасына 6 млрд доллар төлеуі тиіс.

Тиісті қаулыға сәрсенбі күні Нью-Йорк судьясы Джордж Дэниэлс қол қойды.

Әрине, бұл шешім сөз жүзінде қалатыны анық, өйткені бұл қаржыны өндіріп алатын соттың ешқандай мүмкіндігі жоқ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Өткен жылы құрбан болған 47 адамның отбасы мүшелері сотқа жүгінгеннен кейін, Дэниэлс «Әл-Каида», «Талибан» және Иранды 3 мыңға тарта адамның өмірін жалмаған лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деп танып, сырттай шешім шығарған болатын.

«Әл-Каида» басшысы Усама бен Ладен лаңкестік әрекетті бірден мойнына алды. Сол кезде тәлібтер ұйымның содырларына саяси баспана берген. Ал Иран 11 қыркүйектегі қасіретті оқиғаға қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеді. Соған қармастан, Нью-Йорк соты Тегеран террорлық бағытта қолдау көрсетті деген қаулы шығарды, сондықтан өтемақы төлеуге міндетті болып отыр

Дереккөз: "bnews.kz"

4 қазан 2012, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.