Атырау, 28 желтоқсан 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Түркия мандатқа ие болды және Сирияға шабуыл жасауға дайындалып жатыр

2 302 просмотра

Түркия Сирия аумағына әскери шабуыл жасауға дайындылып жатыр. Бұл елде трансшекаралық операциялар жасау үшін армияға арналған мандат түрік парламентіне бекітуге жіберілді, алдағы сағаттарда оны талқылау үшін жедел отырыс өткізіледі. Бұл Сирияның бұғанға дейін жасаған шабуылдарына, әсіресе кешегі Түркияның Шанлыурфа қаласына оқ жаудыруына жауап болып есептеледі, деп хабарлайды CNN Turk телеарнасы.

«20 қыркүйектен бастап біздің ел аумағына қатысты басқыншылық байқалуда. Бірқатар ескерту жасалып, дипломатиялық жолмен шешуге тырысқандығымызбен бұл оқиғалар жалғаса берді», - делінген премьер-министр Реджеп Тайип Эрдоған мен Түркия министрлер кабинеті мүшелерінің қол қойған құжатында, деп хабарлайды РБК.

Дегенмен, жергілікті БАҚ түрік әскері заң шығарушылардың мандатты қабылдауын күтпей, Сирия аумағында атысты бастап кеткендігін хабарлайды. Өткен түнде Сирия тарапынан алты адамның өмірін қиған зеңбірек Акчакале қаласындағы шекара бөлімшелеріне тасталғандықтан, олар енді Сирияның әскери нысандарына артиллериялық оқ ата бастады.

Еске сала кетсек, зеңбіректер түрік аумағына Сирия үкіметтік әскері мен оппозиция арасындағы атыс кезінде құлаған.

Дегенмен, осындай оқиға қыркүйек айының ортасында да қайталанды, ол кезде Сириядағы азаматтық соғыстың зардабын Акчакале қаласы шегіп, үш адам жарақаттанған еді.

Дереккөз: bnews.kz

4 қазан 2012, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.