Атырау, 25 сәуір 02:08
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Банктен заңсыз төлемді қайтаруға сот неге құлықсыз?», «Қажыгелдин мен Рысқалиев қатысқан жиында не талқыланды?», «Сипаты бөлек “сыпайылық”», «Қымбат тұратын имидждік жобалардан Қазақстанға пайда жоқ. Ал біреулер үшін олар сөзсіз тиімді».

2 425 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Банктен заңсыз төлемді қайтаруға сот неге құлықсыз?» - Қазақстанның азаматтық соттары қарыз алушылардың өздеріне міндеттелген заңсыз төлемдер үшін банктен ақша өндіріп алу туралы шағымын қанағаттандырмай отыр. 2016 жылдың соңынан бастап ондаған мың адам сот арқылы банктерден заңсыз төлемдер үшін алынған ақшаларын қайтарып алған. Жоғарғы сот мәселені жақында банктерге мұндай төлемдер алуға тыйым салатын заңнамалық өзгеріс қабылдануымен байланыстырады. Ал заңға өзгерту енгізілгенге дейін банктерге мұндай төлемдер өткізіп келген қарыз алушылар енді не істейді?

«Қажыгелдин мен Рысқалиев қатысқан жиында не талқыланды?» - Мамырдың 20-21 күндері Парижде өткен конференцияда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай талқыланды. Жиынға бір топ қазақстандық белсенді және қазір Еуропада тұрып жатқан бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қатысты. «Ақиқат» ЖСДП төрағасы Ермұрат Бапи Париждегі жиында қандай мәселелер талқыланғанын Азаттыққа айтып берді.

«Мыңдаған адам қайта сайланған президентке қарсы шықты» - Индонезия астанасы Джакартада мыңдаған адам екінші рет сайланған президент Джоко Видодоға қарсы наразылыққа шықты. Наразылық кезінде алты адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған.

INFORMBURO.KZ. «Балаларға демалуға жазғы лагерьлерді, спорттық секциялар мен үйірмелерді қалай таңдау керек?» - Informburo.kz Алматыдағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қажет ақпараттарды жинақтады.  

CAMONITOR.KZ. «Қымбат тұратын имидждік жобалардан Қазақстанға пайда жоқ. Ал біреулер үшін олар сөзсіз тиімді» - Біздің шенеуніктерімізді дағдарыстар да, халықтың әл-ауқатының нашарлауы да, тіпті мемлекет басшысының тапсырмалары да ақша үнемдеуге мәжбүрлемейтін көрінеді. Бұл әбден түсінікті, өйткені ең жақсы істей алатын нәрселерден (мысалы, әртүрлі «имидждік» іс-шараларды ұйымдастырудан) бас тарту қиын. Басқа бір нәрселерге салыстырғанда, бұл істе Қазақстан өте қысқа мерзімде біршама жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді.

EGEMEN.KZ. «Сипаты бөлек “сыпайылық”» - Соңғы күндері әлеуметтік желілерде көліктеріне «Вежливые люди» деген жазуы бар қағаз жапсырып алатын азамат­ардың суреттері жиі шыға бастады. Көбі көлік­ерінің терезесіне жапсыратыны байқалады.


23 мамыр 2019, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.