Атырау, 26 желтоқсан 01:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Шекарашы Челахтың ісі бойынша тергеу аяқталды, ол сотқа қарашаның ортасында түседі

2 774 просмотра

АСТАНА, 4 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысы «Арқанкерген» шекара заставасында қызметтестерін өлтірді деген күдік келтіріліп отырған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады «Қазақстан жаңалықтары» агенттігіне Владиславтың адвокаты Төлеген Берліқожанов.

Мамырдың аяғында шекара жасағы «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимаратын анықтады. Онда 15 адамның денесі, соның ішінде 14 шекарашы мен аңшының денесі табылды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен қолға түсті. Тергеу деректері бойынша, Челах қызметтестерін және қорықшыны өлтіріп, кейін шекара бекетін өртеп жіберген. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға себебі «ішкі дау-жанжал және оның санасының түсініксіз жағдайы» болған. Шілде айының соңында шекарашы Владислав Челах «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтірді деген айып бойынша берген түсініктемесінен бас тартты.

«Тергеу аяқталды. Қазір процеспен танысу жүргізілуде. Меніңше, істі сотқа шамамаен қарашаның ортасында жібереді», - деді Берліқожанов.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары"

 

4 қазан 2012, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.