"Мұсылмандардың пәктігі" фильмінен көрініс.АСТАНА, 4 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Астананың Сарыарқа аудандық соты «Мұсылмандардың пәктігі» фильмін экстремистік деп танып, оны Қазақстан аумағында көрсетуге тыйым салды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі сот залынан.
«Астана қаласы прокурорының «Мұсылманның пәктігі» видеофильмін» экстремистік деп танып, оны Қазақстан аумағына кіргізуге және таратуға тыйым салу туралы мәлімдемесі қанағаттандырылды», - деп оқыды Сарыарқа аудандық сотының судьясы Қуаныш Жақсыбергенов.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары