Атырау, 18 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қазақстандағы күлкілі һәм қаһарлы демократия», «Журналистер соты және қоқыс орнына айналған табиғи аймақ​», «М.Сейсембаев: Сайлауды байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар», «Шыңжаң: Біз көрген “лагерь”», «Кәрім Мәсімов АҚШ-қа не үшін барды?»

2 279 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «Орта Шығыстағы жаңа соғыс қаупі немесе АҚШ пен Иран соғысқа бет алды ма?» - Соңғы бірер аптада әлемнің ақпарат кеңістігі «АҚШ Иранмен соғыса ма?» немесе «Қайшылықтың басқа шешімі табылмаса соғысты қай тарап бірінші бастауы мүмкін?» деген сұрақтарды көбірек талқылап жатыр. Қазіргі таңдағы халықаралық ең өзекті бұл тақырыпты сайтымыз назардан тыс қалдырған жоқ. Бірнеше жылғы контенттерімізден АҚШ-Иран қатынасының қайшылыққа қалай ұласқаны туралы да толық жауап табуға болады. Солай да, соңғы кездері тіпті де өзектілене түскен бұл тақырыпқа барынша жан-жақты тоқтала кетелік. 

«Марғұлан Сейсембаев: Сайлауды байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар» - Танымал бизнесмен, азаматтық белсенді Марғұлан Сейсембаев алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына өзінің «Instagram» парақшасында талдау жасады.

«Кәрім Мәсімов АҚШ-қа не үшін барды?» - ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео. ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов АҚШ-қа не үшін барды? Сәуір айының 26-ы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов іссапармен Уашингтонға барды. Сол уақытта бұл жөнінде Қазақстанда бір де бір ресми БАҚ мардымды ақпарат таратқан жоқ. Тек «Азаттық радиосы» ғана қысқаша мәлімет жариялады. Оның өзінде АҚШ Мемлекеттік департаменті аталмыш кездесуге байланысты мәлімет таратпағанда бұл сапар жөнінде қалың жұртшылық білмей де қалар еді.

AZATTYQ.ORG. «Қазақстандағы күлкілі һәм қаһарлы демократия» - Батыс баспасөзінде Қазақстандағы сайлау қарсаңындағы жағдайды және елдегі «терең бөлінуді» сөз етеді. Бұған қоса қазақстандық оқушылардың TIMSS рейтингіндегі математикадан жеткен үздік нәтижесі, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы оқушылардың білім деңгейі арасындағы «үлкен айырмашылық» талқыға түскен.

«Кино мәселе қозғайды, бірақ жауап бермейді» - 72-ші Канн кинофестивалінің бағдарламасында Қырым татар режиссері Нариман Әлиевтің бес жыл бұрын Ресей аннексиялап алған Қырымдағы оқиғалар жайлы сыр шертетін «Оралу» деп аталатын толық метражды фильмі де бар. Көрсетілім қарсаңында Азаттық тілшісі режиссермен сөйлесіп, оның алғашқы туындысы туралы пікірін білді. Фильмде 2014 жылғы Қырым аннексиясы мен мамырдың 18-20 күндері 75 жыл толатын 1944 жылғы Қырым татарларының депортациясы мәселесі қозғалғанмен, режиссер жалпы туындыны саяси көзқарасы ретінде қабылдамау қажеттігін айтады.

«Журналистер соты және қоқыс орнына айналған табиғи аймақ» - Осы аптада аймақ баспасөзі Қостанайда "ар-намысқа нұқсан келтірді" деп айыпталған журналистер соты, Петропавлда табиғи аймақтың қоқыс алаңына айналғанын және көп жылдан бері жарық, су, газсыз отырған Шымкент тұрғындарының наразылығы туралы жазды.

«Ашғабаттағы мешіттерде президентті мадақтап қана қоймай, жауларына лағынет айтты» - Ашғабат мешіттерінде жұма күнгі уағыз-насихат кезінде имамдардың президент Гурбангулы Бердімұхамедовті сүюге шақырып, құдайдан оған мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілеуі - үйреншікті құбылыс. Азаттықтың Түркімен қызметі тілшілерінің айтуынша, енді мешіттерде "уағыз-насихатқа президенттің жауларын" да қоса бастаған.

JASQAZAQ.KZ. «Шыңжаң: Біз көрген “лагерь”» - Қытайға сапарымыздың негізгі мақсаты – Шыңжаңдағы қазақ пен ұйғыр халқының қазіргі жағдайын, бас еркіндігін, саяси бостандығын көзбен көріп қайту болатын. Осы мақсатпен әлемнің он шақты елінен жиналған қырық шақты журналист Оңтүстік Шыңжаңда бірнеше күн аялдады. Бұл сапарға Қытайдың Алматыдағы консулдығы мұрындық болғанын айта кету керек.

20 мамыр 2019, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.