Атырау, 5 қазан 13:57
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Талғампаз ұрылар

2 061 просмотра

Жыл басынан бері «Қазақтелеком» Атырау филиалының құны 9 млн теңгедей болатын телефон желісі ұрланған. Қыркүйектің өзінде ғана 6 ұрлық тіркелді, ұрылар 343 метр желіні жымқырған.

Бұл ұрлықтың салдарынан халық байланыссыз қалды. Жедел және шұғыл қызметтерге де зиянын тигізді, оларға тұрғындар хабарласа алмай отыр. Ұрылар құрамында түсті металдар жоқ заманауи талшықты-оптикалық желіні ысырып тастап, тек мысы бар желілерді ғана алып кетеді екен.

– Біз облыстағы құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасаймыз. Күзет агенттіктерінің қызметкерлерімен бірге тәулік бойына кезекшілік жүргізіледі. Сондай-ақ, нысандарымызға дабыл жүйесі орнатылды, - дейді Атырау ОТД техникалық директоры Нұрлан МАҚҰЛОВ. Тиімділікті арттыру мақсатында байланыс қызметкерлері тәулік бойына 27-00-20 және 32-07-02 сенім телефондарын орнатып, проблеманы шешу үшін халықты тартуды ұйғарыпты. Қоңырау шалып, желінің ұрлануына немесе телекоммуникациялық жабдықтардың зақымдалуына жол бермей, қол ұшын бергендерді 30 мың теңге сыйақымен марапаттауға уәде етіп отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қазан 2012, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.