Атырау, 26 желтоқсан 16:19
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мұндай скальпель еш жерде жоқ

2 290 просмотра

28 қазанда «Клиникалық реабилитология институты» ЖАҚ (Тула қаласы) мамандары тағы да Атырауға ат басын тіремек. Бес жыл ішінде олар церебральды сал ауруына шалдыққан мыңдаған қазақстандық балаларға ота жасаған болатын.

Ресейлік мамандар Атырау облыстық балалар ауруханасының базасында 2007 жылдан бері операциялар өткізіп келеді. Негізгі емдеу әдісі ретінде тулалықтар медицина ғылымдарының докторы В.Б.УЛЬЗИБАТ ойлап шығарған кезеңдік фибротомия деп аталатын хирургиялық әдістемені қолданады. Ол арнайы жасалған скальпельмен бұлшық ет контрактураларын (тыртықтарын) алып тастауға негізделген.

Жыл сайын Атырауға Қазақстанның түрлі аймақтарынан: Алматыдан, Астанадан, Шымкенттен, Байқоңырдан және т.б. жерлерден церебральды сал ауруына шалдыққан балалар келеді. Оларға Тулаға барғаннан гөрі бізге келген қолайлы. Олар басқа еш жерден мұндай ем ала алмайды. Әдістеменің өзі және скальпель «Клиникалық реабилитология институты» ЖАҚ-ның зияткерлік меншігі саналады, - дейді Атырау қайырымдылық орденінің жетекшісі Надежда КИРПИЧНИКОВА. Операциялық емдеуге мұқтаж балалардың ата-аналары анықтама алу үшін Надежда Кирпичниковаға 45-63-87 және 8 701 154 4219 телефондары арқылы хабарласа алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қазан 2012, 22:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.