Атырау, 18 желтоқсан 21:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Интернетті бұғаттау - өз халқына жасалған кибершабуыл», «Түк өзгерткісі келмейтін кандидат тартымды ма?», «Сайлау-2019: кім қанша дауыс жинап алады және сайлаудан кейін не болмақ?», «Әлгі сенатор кешірім сұрауға да жарамады».

2 845 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Түк өзгерткісі келмейтін кандидат тартымды ма?» - Нұрсұлтан Назарбаев наурызда өкілеттігін тоқтатқанда билік бейбіт әрі тиімді түрде Қасым-Жомарт Тоқаевқа тие қалатындай көрінген. Бірақ күтпеген кедергі де пайда болған сияқты.

«Интернетті бұғаттау - өз халқына жасалған кибершабуыл» - Мамырдың 9-ы күні Қазақстанда оннан астам сайт пен әлеуметтік желі бұғатталды. Әлемдегі интернет еркіндігін бақылайтын халықаралық NetBlocks тобының атқарушы директоры Альп Токер бұл жолғы бұғаттау жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-қимылды көрсетті деп санайды.

QAMSHY.KZ. «ҰБТ-2019: жас түлектерді қандай "тосын сый" күтіп тұр?» - Биылғы жас түлектердің жүрегін толқытып жүрген ҰБТ күні жақындап қалды. Осыған орай, Qamshy.kz ақпарат агенттігі жас түлектердің көкейіндегі біршама сұрақтарға жауап беретін жазба жариялауды жөн көрді. Аталмыш жазба ҚР БҒМ әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

365INFO.KZ «Жаңа заң бойынша кімдерге кредит берілмейді?» - Қазақстандықтардың қарызы артып барады. Ұлттық банк шағын кредиттерге шектеу қоймақшы.

TTJK.KZ. "Халық банк бірінші тоқсанды қорытындылады" - «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Банк) 2019 жылғы 1 тоқсанындағы қызметінің ХҚЕС-ке сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген нәтижелерін жариялады.

INFORMBURO.KZ. «Бірінші сынып оқушысына мектепті қалай таңдау керек? Ата-аналарға арналған нұсқаулық» - Балаңызға мектепті қалай дұрыс таңдау керек және Алматыдағы мектептерде бір сыныпта неге 40 оқушыдан оқып жүр?

DALANEWS.KZ.  «Әлгі сенатор кешірім сұрауға да жарамады» - «Шенеунікті де, сотты да, прокурорды да басқа шығардық. Мұндай қоғамды Конституция жұмыс жасамайды. Мұндай қоғамда адамдар бір-бірін сыйламайды, ақшаны сыйлайды» дейді профессор Амангелді Айталы.

TURKYSTAN.KZ. «Әлемде қай дін жойылуы мүмкін?» - Еуропада шіркеулер жабылып, мешіттер көбейіп келеді. Дін – нәзік мәселе. Әлемде болып жатқан діндер қақтығысы, лаңкестік әрекеттер, бітіспес соғыстың астарынан да дінге деген көзқарастың екіұшты екені байқалады. Тіпті, жұрт мінәжат ететін орындарда жарылыстың жиі болуы және оның себебі мен салдарының ашылмай, жабулы қазан күйінде қалуы көп жайтты аңғартса керек.

CAMONITOR.KZ. «Сайлау-2019: кім қанша дауыс жинап алады және сайлаудан кейін не болмақ?» - Қазақстанда өтетін қазіргі президенттік сайлаудың өзі өте тартымды емес, өйткені оның нәтижесі тым болжамды болып отыр, ал қатысушылардың құрамы қызықсыз. Дегенмен, сайлаушылар мен сарапшылар қоғамдастығы тарапынан биылғы президенттік сайлауға қызығушылық тудыратын бірнеше нюанстар бар.


16 мамыр 2019, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.