Атырау, 24 қараша 22:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бөтелкенің түбіне терең бойла

1 615 просмотра

Чехияда заңсыз алкогольден уланып, 20 адам көз жұмғаннан кейін Қазақстанда осы елден, сондай-ақ, Польшадан (ол жерден чехтарға келген) әкелінген спирттік ішімдіктерге бақылауды күшейтуді ұйғарды.

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Тимур СУҚАШЕВТЫҢ айтуынша, тексеру жоспарлы түрде жүргізілмек. Бұл жолы ішімдік сатылатын сауда нүктелеріне, әсіресе Чехия мен Польшадан келген өнімдерге анағұрлым назар аударылатын болады.

– Бізге денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық келді, - деп растады Тимур Суқашев. – Зерттеуге үлгілер алып, зертханаға жібереміз. Осындай дабыл түскеннен кейін адамдарға осы елдердің ішімдіктерін сатып алудан аулақ болған жөн деп ойлаймын. Алайда бізге өнімдер, негізінен, Ресейден және көршілес Ақтөбеден жеткізілетінін және осы алкогольді көпшілігі тұтынатынын атап өткім келеді.

Естеріңізге салсақ, соңғы апталар бойына Чехияда жаппай улану оқиғалары орын алған болатын. Спирттік ішімдіктерден 20 адам көз жұмып, тағы 40 шақтысы ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Улану себептері әлі анықталуда. Адамдар ішімдікке қосылған метил спиртінен ажал құшып жатқанға ұқсайды. Бұл - жүйке-тамырға әсер ететін күшті у. Тірі қалып, ауруханада жатқан адамдардың кейбірінің көздері көрмей қалған.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

3 қазан 2012, 22:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.