Атырау, 4 маусым 21:26
 бұлттыВ Атырау +26
$ 447.90
€ 482.16
₽ 5.54

Мәжілісменнің заңсыз пәтерлері

2 237 просмотра

Сот қамауға алуға санкция бергеннен кейін қаржы полициясы да Аманжан РЫСҚАЛИҒА іздеу жариялады. 

Естеріңізге салсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің «Ақ Жол» партиясынан cайланған бұрынғы депутаты астаналық «AB-Group» ЖШС салған тұрғын үйдегі (Сәтбаев даңғылындағы «Планета электроники» мен «Абди компани» дүкендері орналасқан жасыл түсті 9 қабатты екі үй) 9 пәтердің жеке меншік құқығын алаяқтық жолмен иемденіп алған деп күдіктелуде.

Бейресми ақпарат бойынша, бұл үйлерде Аманжан Рысқалидың (Жайық жағасындағы Жеңіс бағында бой көтерген ағайындылар мен олардың туыстарының сарайларын тек соқыр адам ғана көрмеген шығар), сондай-ақ, қазір қамауға алынған облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ пен бұрынғы қала әкімі Асқар КЕРІМОВТІҢ пәтерлері болған. Сол жерде ІІД-нің бұрынғы бастығы Рахмаджан ДОСАНОВ та тұрған деседі. Осы пәтерлердің барлығы, біздің ақпаратымыз бойынша, жалған тұлғаларға рәсімделген.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 қазан 2012, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.