Атырау, 28 желтоқсан 09:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Кешендегі жұмыстар тоқтап тұр ма?

1 898 просмотра

Әуежай тас жолының бойында салынып жатқан концерт залы мен монша кешенінің құрылысында бір айдан бері тыныштық орнаған.

«Нысандардағы жұмыстар қанша уақытқа тоқтатылды және бұлардың бәрі қашан тапсырылады?» деген редакция сауалын облыстық құрылыс басқармасына жолдаған едім. Алайда қиын жағдайға тап болдым.

Өз көзіммен құрылыстың қаңырап тұрғанын көріп жүрмін. Қақаған желтоқсан айында да күндіз-түні қызу жүріп жатқан құрылыс алаңынан (нысандарды тапсыру уақыты кешіктірілді – жоба бойынша 2010 жылдың тамызында басталған құрылыс 2011 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс еді) көптен бері бірде-бір жан көрінбейді. Айтпақшы, Нұрсая ықшамауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) құрылыс алаңында да солай. Алайда облыстық әкімдіктің құрылыс басқармасынан басқарма бастығының міндетін атқарушы Елтай ҒАЛЫМЖАНОВ қол қойған: «Аталмыш нысандарда құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ» дегенөтеқысқа ғана жауап келді. Бұл жауапқа қарағанда, менің көз дәрігеріне қаралуым керек секілді. Болжамды тапсыру мерзімі туралы бірде-бір сөз айтылмаған.

Мен нысандарды тағы бір аралап шықтым. Қайыршақтастан салынған ДСК маңынан тек күзетшіні ғана байқадым. Монша мен концерт залының ауқымды алаңында екі-үш гастарбайтер ғана қарқынды жұмыс жасауда.

Бәлкім, құрылысшылардың өздері бұл жағдайды түсіндірер? Біздің мәліметтеріміз бойынша, «концерт залы» мен «монша кешенінің» нысандарында жұмыс жасап жатқан мердігер компания «СнабойлСтрой» қожайыны - Айбат СҮЛЕЙМЕНОВ. Өкінішке орай, оның телефон нөмірі ажыратулы екен. «МұнайҚұрылысСервис» басқарушы директоры Анатолий ЛИ (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) телефон арқылы мәлімет беруден бас тартты, бірақ кездесуге де дайын емес екен. Алайда құрылыстың жүріп жатқанын растады.

Бір адамға қарсы екі адамның жауабына қарағанда, шамасы, құрылыс жұмыстары бөлінген қаржы көлемдеріне сай жүріп жатқан сыңайлы.

Ал ДСК алдына бір жыл бұрын орнатылған баннерде «Нұр Отан» партиясының атынан бақылаушы ретінде көрсетілген қалалық мәслихат депутаты Марат РАХМАНОВ пен сол кездегіқалалық білім беру бөлімінің бастығы Софья ӘЛІБАЕВА өздерінің құрметті миссиялары туралы менен білді... Әлбетте, олар өздерінің «бақылауындағы» нысандардың құрылыс барысы туралы ештеңе айта алмады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

3 қазан 2012, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.