Атырау, 28 желтоқсан 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жаңа жүйе жағып тұр

2 151 просмотра

«Ақ Жайық – Кедендік тазарту орталығы» кедендік бекетінде электронды кезек жүйесінің таныстырылымы болып өтті.

Бірінші жүйе Алматыда орнатылған, екіншісі - бізде. Әрі қарай мұндай аппараттарды бүкіл бекеттерге орнату жоспарланған, өйткені олар келушілер үшін қолайлы, келушілер есебін уақытында жүргізуге және кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

Мұндай бір жүйенің құны – 2,5 млн теңге тұрады, ол халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы үйреншікті жүйеге өте ұқсас, тек кедендік операцияларға ғана арналған.

«Ақ Жайық» бекеті кездейсоқ таңдалмаған – Атырау облысына келетін импорттың 85 пайызы осы жерде рәсімделеді. Бекет мамандарының айтуынша, мұнда көбінесе Түркиядан, Қытайдан, Италиядан және Украинадан келетін жүктер тазартылады. Осы жерде экспорт та рәсімделеді. Бұлар негізінен Еуропа елдеріне кететін жергілікті балық аулау шаруашылығының өнімдері. Өндірістік жүктерге, сондай-ақ, мұнай және мұнай өнімдеріне қатысты операцияларды «Қарабатан» және «Теңіз» бекеттері жүзеге асырады.

– Жүйенің 17 режимі бар, соған байланысты ол келушілерді қажетті терезеге жібереді. Бекетте 19 қызметкер жұмыс істейді, оның 12-cі тікелей тауарларды рәсімдеумен айналысады,- дейді «Ақ Жайық» бекетінің бастығы Қанатбек ХАРЕСОВ.

Бұдан басқа, бекетте 3 РОС-терминал орнатылған, олар арқылы кедендік рәсімдеуге және декларациялауға байланысты төлемдер жүргізуге болады. Егер осы операцияларды банк арқылы төлесе, процедура бірнеше күн уақыт алуы мүмкін. Ал төлем кәртішкесінің көмегімен кеден қызметкерлеріне ақпарат сол сәтте түседі. Кедендік тазарту залында ауызша және жазбаша түрде кеңес алуға болатын жеке терезелер бар. Интернетті пайдаланып, бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, Кедендік одақ комиссиясының шешімдері (олар 1000-нан астам), ел үкіметінің, кедендік бақылау комитетінің қаулылары және т.б. жинақталған электронды «Юрист» анықтамалық дерекқорына да кіруге болады. Келушілер үшін жеке компьютер бөлінген.

– Осы ақпараттың барлығын миға сақтау мүмкін емес,- дейді кеден өкілі (қазір брокерлер осылай аталады) Рафхат СҮНДЕТОВ. – Бір нәрсені нақтылап алғың келсе, бүкіл дерекқорды ұсынатын интернет үнемі қол астыңда болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

3 қазан 2012, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.