Атырау, 5 қазан 14:36
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Барымташы-бомбалаушылар ма?

2 758 просмотра

№2 Атырау қалалық соты Қызылқоға ауданының Миялы селосының тұрғындары Мейірбек ЖАНҚУАТОВТЫ (1993 ж.т.), Махамбет ИСАҒАЛИЕВТЫ (1990 ж.т.) және Ыбырай ӘДІРДІ (1966 ж.т.) қамауға алу туралы үш санкция берді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-тармағы («Терроризм») бойынша айып тағылып отыр.

Бұл қамаулар Молдағұлова көшесіндегі жеке үйлердің бірінде қолдан жасалған жарылыс құрылғысын жару нәтижесінде жас жігіт көз жұмған факті бойынша атышулы қылмыстық істі тергеу аясында жүргізілген (ЖС №36, 6.09.2012 ж., «Жарылғыш заттан ажал құшты» жарияланымын қараңыз).

Облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢайтуынша, қамауға алынған үшеу Атырау облысының аумағында құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметкерлеріне қарсы бағытталған террористік актіні дайындаған деп айыпталуда. Осы мақсатта олар оқпен атылатын қаруды (50 патроны бар қосауыз аңшылық шолақ мылтық пен патрондары бар пневматикалық тапанша) заңсыз иеленген. Бұдан басқа, олар интернеттен қолдан жасалған жарылыс құрылғысын дайындау сызбасын жүктеп алған.

Сондай-ақ, азаматтар М.Жанқуатов, М.Исағалиев және Ы.Әдір облыс аумағында мал ұрлаған деп күдіктелуде. Тергеу материалдарына сәйкес, террористік актілерді жүзеге асыру үшін қаржы иелену мақсатында бөгде мүлікті ұрлаумен айналысқан.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 қазан 2012, 21:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.