Атырау, 28 желтоқсан 09:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жұмыста «күйіп кетті»

3 021 просмотра

Солдан оңға қарай: А.Әжіғалиева, А.Әбдіров, Б.Дәукенов, Б.Рысқалиев, М.Есмұратов, А.Керімов.Облыстық әкімдіктің кадрлар бөлімінің меңгерушісі Ербол ЖҰМАБАЙДЫҢ айтуынша, облыстың жаңа әкімінің тағайындалуы – заң бойынша бүкіл бұрынғы команданы, оның үстіне әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді отставкаға жіберуге себеп емес.

Бірақ іс жүзінде, біздің байқауымызша, әсіресе жоғары дәрежелі шенеуніктерге қатысты керісінше осындай жағдайлар орын алып жатыр. Әкім боп тағайындалғаннан кейін бір күннен соң, дәлірек айтқанда, 17 тамызда Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ орынбасары Мереке ЕСМҰРАТОВТЫ, аппарат жетекшісі Асқар ДОСБАЕВТЫ және Атырау әкімі Асқар КЕРІМОВТІ отставкаға жіберді. 5 күннен кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВТІҢ лауазымы төмендетіліп, ол жай ғана орынбасар боп тағайындалды. Ал келесі күні кенеттен креслосынан түсті. Бұлардың бәрін сол кезде облыстық әкімдікте Бас прокуратура қызметкерлерінің тобы жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарымен байланыстырған еді (олардың іздерімен жүрген қаржы полициясы сол сәт қылмыстық істерді қозғайды).

Бүгінгі күні Болат Дәукеновтің, Асқар Керімовтің, облыстық қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІҢ және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды, бюджет қаржылары мен мемлекет мүліктерін ұрлады деп күдіктелген мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың тағы бірнеше басшыларының қамауға алынғаны белгілі. Әзірге облыс әкімінің бұрынғы орынбасарларынан экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА және құрылыс пен ТКШ үшін жауапты Асқар ӘБДІРОВ саясат дауылынан аман қалып отыр. Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ командасындағы орынбасарлардың бірі Серік АЙДАРБЕКОВ орнын ауыстырғанымен, шеңберде қалды. Ол 20 тамызда Атырау әкімі боп тағайындалды. Жаңаөзен тумасы, керемет білімі мен отандық және шетелдік мұнай компанияларында, сондай-ақ, орталық билік органдарында жұмыс тәжірибесі бар 37 жастағы Айдарбеков бұрынғы команданың ішіндегі ең елеусізі боп көрінетін. Алайда мэр болғаннан кейін автобустардың жолақысын төмендетіп және вокзал маңындағы алаңдарда көлік қойғаны үшін заңсыз алым-салықтар алуды жойып, қала тұрғындарына танымал болды.

Қазір Жайық-Каспий бассейнінің балық қорларын тонауға қатысты бүкіл былықтарды бейресми түрде соған аудара салып отырған (шамасы, ол бір кездері су полициясына басшылық еткендіктен шығар) облыс әкімінің тағы бір бұрынғы орынбасары Мереке Есмұратовтың немен айналысып жүргені және қайда екендігі туралы ақпараттар жоқ. Сондай-ақ, Бергей Рысқалиев пен оның ағасы, бұрынғы мәжілісменАманжан РЫСҚАЛИ ел аумағынан шығып кетпеді ме деп Шекара қызметіне жолдаған өз сауалымызға әзірге ресми жауап алған жоқпыз. Айтпақшы, бейресми дереккөзіміз Аманжан Рысқалиға қатысты Атырау орталығынан үй салып жатқан кәсіпкерден бірнеше пәтерді қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және таяу күндері бұрынғы әкім командасының қызметіне қатысты басқа қылмыстық істер бойынша 20-дан астам адамның қамауға алынатыны туралы редакцияға хабарлады. Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлерінің бірі біздің сұрақтарымызды тыңдап болғаннан кейің, ұзақ үзілістен соң түсінік беруден бас тартып, жазбаша сауалмен шығуға кеңес берді. 28 қыркүйекте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) сайтында сот санкциясымен қамауға алу үшін Рүстем АЛЬБАКАСОВҚА (бұрынғы әкімнің қарындасының күйеуі) іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Бейресми мәліметтер бойынша, оның жалған фирмалары арқылы, негізінен, облыс бюджетінің ақшалары жымқырылған.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА,

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 қазан 2012, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.