Атырау, 20 сәуір 03:40
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Екі департаменттің жаңа басшылары

2 041 просмотра

Республикалық бағыныстағы облыстық департаменттерде кадрлық ауыс-түйістер орын алды.

«Өз қалауы бойынша» жұмысынан кеткен Теміржан СУКАШЕВТІҢ орнына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы болған бұрынғы қызметіне Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарған Өмірзақ ЗИНУЛЛИН қайтып келді. Әкім кабинеті әзірге бос тұр.

ҚР құрылыс және ТКШ агенттігінің облыстық сәулет және қала құрылысы департаментінің бастығы ауысты. Мақсот ЕСІМОВТІҢ орнына департаментке оның орынбасары боп жұмыс істеген Қуаныш МҰХАМЕТҚАЛИҰЛЫ басшы боп тағайындалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 қазан 2012, 22:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.