Атырау, 28 желтоқсан 09:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

АМӨЗ бен қоқыс орны қаланы тұншықтырды

2 235 просмотра

Сенбіден жексенбіге қараған түні жел АМӨЗ жақтан соққан еді, әлдебір улы газдың иісі қатты шығып тұрды. Содан басым ауырды. Демалыс күнім осылай өтті, - деп әңгімелейді Авангардтағы 4-ықшамаудан тұрғыны Тілек.

Дүйсенбі күні таңертең редакцияға Геолог тұрғындарынан бірнеше қоңыраулар келіп түсті. Олар алдыңғы күні өртенген қалалық қоқыс орнынан келіп жатқан газдың тұншықтырып тастағанын айтып, өз наразылықтарын білдірді.

АМӨЗ-ден комментарий ала алмадық. Ал «Арнаулы автобаза» КМК директорының орынбасары Зәуірбек ЖАЙЛЫБЕКОВ қоқыс орнындағы өрттің кешікпей өшірілетіндігіне сендірді. Жанып жатқан қоқыс орнына  4 самосвал, 2 бульдозер және жүк тиегіш жіберілген.

– Шамалы уақыттан кейін салқындық түседі, содан соң қоқыс орнында өрт те азаяды, - деп уәде берді Жайлыбеков.

«Қазгидромет» РМК филиалының бас синоптигі Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, 29-нан 30 қыркүйекке (сенбіден жексенбіге) қараған түні оңтүстік-шығыстан секундына 2 метр болатын баяу жел соғып тұрған. Қала орталығынан бұл бағытта өнеркәсіп кәсіпорындарының ішінде тек АМӨЗ ғана орналасқан.

Ал Экология департаментің қызметкерлері атмосфераға тасталған шығарындылар фактісін тіркемеген. Экология департаментінің инспекция бөлімінің бастығы Қуандық ЕСМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, «Бақылау және қадағалау туралы» заңға сәйкес, кәсіпорынға тексеру жүргізу үшін, мейлі ол қоқыс полигоны болсын, мейлі АМӨЗ болсын, алдымен қала тұрғындарынан жазбаша шағымдар болу керек немесе БАҚ-ға жарияланым шығу қажет екен.

Бүгін, 2 қазанда қоқыс орнындағы түтін бұрынғыдан бетер күшейіп кетті. Ол желмен Привокзальный, Алмагүл ықшамаудандарына бағыт алып, жолай жеке секторларды да қамти кетті.

З. Жайлыбековтың айтуынша, қоқыс орнының тағы бір учаскесі тұтаныпты. Қызметкерлер екі жұмысты бір уақытта қатар атқарулары тиіс: өртті сөндіріп және қаладан әкелінген қоқысты төгу үшін өрт ошағынан алыс жерден орын іздеулері керек.

Ал, Жайлыбеков хабарлағандай, бүгін полигонға шетелдік экологтар делегациясы аяқ басыпты (ол кімдер және қайдан келген делегация екенін нақтылаудан  үзілді-кесілді бас тартты). Олар қоқыс газын пайдаға жарату жөніндегі бағдарламаны жасауға қол ұшын беруге уәде беріпті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қазан 2012, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.