№2 Атырау қалалық соты «АНиТА Консалтинг» ЖШС директоры Татьяна ШАРЫПКИНАНЫ қамауға алуға санкция берді.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, ЖШС директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының «б» тармақшасы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша айып тағылған.
Алдын ала тергеу материалдарына сәйкес, Ақтөбе қаласының 48 жастағы тұрғыны Т. Шарыпкина Атырау облысы әкімдігінің жауапты лауазымды тұлғаларымен және бірқатар коммерциялық құрылымдардың басшыларымен бірге ұйымдасқан топ құрамында облыстық және республикалық бюджеттен мемлекет қаржыларын ұрлауға қатысқан деп күдіктелуде.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА