Атырау, 18 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Халық екіжүзділіктен шаршады". Сарапшылар наразылық туралы», «"Күн мен көлеңке". Белгілі тұлғалар жастар наразылығы туралы», «Мемлекеттің имиджі үшін бұл сайлау интригаға толы болуы керек», «Кейінгіге қамқорлық – жақсыларға жарасар».

5 321 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Халық екіжүзділіктен шаршады". Сарапшылар наразылық туралы» - Мамырдың 1-і Қазақстанның екі ірі қаласында өткен рұқсат етілмеген жиынға жүздеген адам қатысты. Сарапшылар мұны қоғамдағы наразылық пен шынайы реформаларға қажеттіліктің артуымен байланыстырады. Олардың пікірінше, биліктің демонстранттарды наразылық басталған соң бірден ұстамай, бірнеше сағат бойы пікір білдіруіне мүмкіндік беруіне бірқатар саяси себептер, соның ішінде сайлау науқаны әсер еткен.

«"Күн мен көлеңке". Белгілі тұлғалар жастар наразылығы туралы» - Қазақстанды 30 жылдай басқарған бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатып, билік ерте сайлау жариялаған соң әділ сайлау өткізуді талап етуші жастардың саяси белсенділігі күшейе бастады. Қоғамның белгілі тұлғалары бұл үрдісті қалай бағалайды?

«Сауд Арабиясынан экстрадицияланған Махаматов сотталды» - Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты Cауд Арабиясында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған 41 жастағы Ділмұрат Махаматовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. "Терроризм" бабымен айыпталған Ділмұрат Махаматов сот үкімімен келіспейтінін айтты.

«Ирактан қайтарылған тәжік балалары паналаған орын» - Тәжікстанның Варзоб шатқалындағы "Харангон" санаторийіне жақында Ирактан ұшақпен жеткізілген ондаған тәжік баланы орналастырды. Олар - Таяу Шығыстағы соғыс аймағында қаза тапқан я хабарсыз еткен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мүшелерінің балалары.

TURKYSTAN.KZ. «Кейінгіге қамқорлық – жақсыларға жарасар» - Қазақ халқы «Адамның күні – адаммен» дейді. Осында үлкен ой, терең мағына бар. Адам адамға дос болғаны үшін парызым деп, туыстығы жағынан жақын болғаны үшін «қанына тартып», жерлес болғаны жүрегі жылып – көмектесуі, қиындықта қол ұшын созуы да мүмкін. Ал өзіне ешбір жақындығы болмаса да, өзгеге жанашыр пейіл, міндетсіз қамқорлық көрсету – нағыз адамдықтың белгісі.

ABAI.KZ. «Мемлекеттің имиджі үшін бұл сайлау интригаға толы болуы керек» - Сайлау туралы жазбақ та қиындап келеді. Орталық сайлау комиссиясына соңғы үміткерлер құжат тапсырып, әне-міне кандидат атанғалы жатыр. Енді олар немесе оларды ұсынған ұйымдар туралы сын жазу – оның қарсыластарына қолдау білдіргенмен пара-пар болады. Яғни, сен обьективтілікті сақтамаған болып, сенің жазғаның біржақты шимай-шатпақ деп сөгеді, осындағы жұрт. Енді қайтпек керек...


3 мамыр 2019, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.