Атырау, 28 желтоқсан 09:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Аманжан Рысқалиды қамауға санкция берілді

2 186 просмотра

Бүгін, 1 қазанда №2 қалалық сот мәжілістің экс-депутаты Аманжан РЫСҚАЛИДЫ қамауға алуға санкция берді.

«Тергеу органдары оны 2008 жылы алаяқтық жолмен құрылыс компаниясынан тоғыз пәтер иеленіп, заңды тұлғаға 200 миллион теңге сомада материалдық зиян келтірген деп айыптауда», - деп хабарланған облыстық соттың баспасөз релизінде.  

Сондай-ақ, "қазіргі уақытта А. Рысқали алдын ала тергеу органдарынан жасырынып жүр және оның қайда екені белгісіз. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағының «б» тармақшасы («Алаяқтық») бойынша сырттай айып тағылып отыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді" деп хабарланады.

Естеріңізге салсақ, 15 қыркүйекте «Ақ Жол» партиясының орталық кеңесінің пленумында мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалидың «моралдық-этикалық түсінік» тұрғысында мандатын тапсырғаны мәлім етілген болатын. Сол кезде «Аманжан Рысқали біздің әріптесіміз, берген өтінішіне сәйкес ол партия мүшесі болып қала береді. Біз оған амандық-саулық тілейміз» - деген еді партия төрағасы Азат ПЕРУАШЕВ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

1 қазан 2012, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.