Атырау, 28 желтоқсан 10:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жетер енді!

2 369 просмотра

Иллюстративті фотосурет.26 қыркүйекте «Компанияның оңтүстік тобы» фирмасының жұмысшылары жалақыларын кешіктіруге қарсы наразылық белгісі ретінде жұмыстарына шықпай қалды.

Олардың қатарында АМӨЗ-де хош иісті көмірсутек өндіру кешенін салып жатқан арматурашылар, бетоншылар, ағаш ұсталары мен басқа да мамандықтағы жұмысшылар бар. Сол күні таңертең олар жұмысқа шығудан бас тартып, Говоров, 40 мекен-жайындағы жатақханада қалған. Ереуілге шығушылардың (олардың көпшілігі шымкенттіктер) айтуынша, оларға жалақы сәуір айынан бастап берілмеген. Олар жұмыс беруші бережақтарын өтеген бойда жұмыстан шыққылары келетінін айтты.

«Компанияның оңтүстік тобы» ЖШС директоры Игорь ТОМАС жалақы сәуір  айынан емес, тамыз айынан бастап кешіктірілгенін мәлімдеді. Фирма қытайлық «Синопек Инжиниринг» компаниясының мердігері боп табылатын «Евразия Строй Капитал» ЖШС-нің мердігерлік жұмыстарын атқарады. И. Томас таяу күндерде жалақыға қатысты проблеманы шешуге уәде берді.

- Біздің инспекторлар жұмысшылармен алдын ала сөйлесіп, «Компанияның оңтүстік тобы» ЖШС басшылығының еңбекақыны үнемі кешіктіретінін анықтады, - дейді Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры Тимур ЕСТЕБАЕВ. – Еңбек департаментіне ереуілге шығушылардан арыз түсті. Қазір біз ресми тексеру жүргізу үшін прокуратураға құжаттар рәсімдеп жатырмыз. Алдын ала бағалау бойынша, еңбекақыға қатысты жалпы қарыз сомасы 2 млн теңге шамасын құрайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қыркүйек 2012, 23:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.