Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Үкімет басшысы министрлер кабинетінде міндеттерді бөлді

2 622 просмотра

Қазақстанның Премьер-Министрі Серік Ахметов үкімет басшысы мен оның орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу туралы өкіміне қол қойды, деп хабарлады жұмады үкіметтің баспасөз қызметі.

Өкімге сәйкес, ҚР Премьер-Министрінің басқаруына экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің, мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық, шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсартудың стратегиялық мәселелері және басқа да мәселелер кіреді.
«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевқа өңірлік саясаттың жедел мәселелері мен экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері бекітілді. Сондай-ақ, вице-премьер агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту және басқа да  мәселелерге жетекшілік етеді», - делінген хабарламада.

Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың міндетіне білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, әлеуметтік жаңғыртуды, әлеуметтік саясатты және әлеуметтік әріптестікті, мәдениетті, спортты дамыту мәселелері және т.б. мәселелер айқындалды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов макроэкономикалық саясат, бюджет саясаты, мемлекеттік активтерді басқару мәселелерін іске асырады.  Сонымен қатар Қ.Келімбетовтің басқаруына қаржы секторының, салық және кеден саясатының мәселелері және басқа да мәселелер кіреді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің міндетіне Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру сондай-ақ,  өнеркәсіпті, инновацияларды дамыту, техникалық реттеу, шетелдік инвестицияларды тарту және басқа да мәселелер кіреді.

Өкімге сәйкес, министрлер мен агенттіктердің төрағалары өздері басқаратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес стратегиялық басымдықтар мен құжаттарды іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауапты болады.

newskaz.kz

28 қыркүйек 2012, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.