Атырау, 26 желтоқсан 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстанда қайта тіркеуден соң жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктердің үштен бірі қысқартылады

1 902 просмотра

Қайта тіркеуден соң  еліміздегі жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктердің үштен бірі қысқартылады деп мәлімдеді Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф.

«Ресми түрде өтінішті 25-ші қазаннан кейін беретін боламыз. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Әділет министрлігінен күнделікті алып тұратын ақпараттарымызға сәйкес және біздің болжамымыз бойынша тіркеуден 3000 бірлестік өтпек. Заң жобасын қабылдағанға дейін олардың саны 4551 болған», - деді Қ. Лама Шариф бейсенбіде сенаттың (парламенттің жоғарғы палатасы) пленарлық отырысында. 

«1500 діни білестіктің тіркеуден өтпеу себептерінің біріне тоқталсақ, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы имамдары мен діни қызметкерлері жоқ шалғай ауылдарды жеке филиал ретінде тіркемеу туралы шешім қабылдады. Олар намазхана ретінде қалады», - деді Қ. Лама Шариф.

Оның айтуынша, орыс православ шіркеулері толығымен тіркеуден өтпек.

newskaz.kz

27 қыркүйек 2012, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.