Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Геномдық экспертизаның нәтижесі бойынша «Арқанкергенде» қаза болған шекарашы Рүстем Ақылбаевтың тұлғасы анықталды

2 565 просмотра

Германияда жүргізілген геномдық экспертизаның нәтижесі бойынша «Арқанкерген» бекетінде қаза болған шекарашы Рүстем Ақылбаевтың тұлғасы анықталды, деп хабарлады бас әскери прокуратураның баспасөз хатшысы Акбар Әбділдин.

«Берлин қаласының Шарите құқықтық медицина институты молекулярлық-генетикалық экспертиза жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Рүстем Ақылбаев идентификацияланды», - деп хабарлады ол бейсенбі күні журналистерге.

А.Әбділдиннің айтуынша, қалған екі шекарашының сүейктерін идентификациялау мүмкін болған жоқ.
«Шықпады, ДНҚ жоқ, (экспертизаға) жарамайды. Рүстем Ақылбаевтың сүйектері ғана анықталды», - деді ол сәйкес сұраққа жауап бере отырып.

«Әскери қызметкерлерді өлтіруге қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде қазақстандық экспертизаның қорытындысы бойынша 11 әскери қызметкердің сүйектері идентификацияланған. Тұлғасы анықталмағандар - Рэй, Именов, Ақылбаев», - деп еске салды А.Әбділдин.

Бұрын хабарланғандай, 30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимараты табылған. Сол жерден 13 адамның өртенген мәйіттері табылды. Кейін тағы бір шекарашының жансыз денесі табылды. Бұдан басқа, шекара бекетіне жақын жерден қорықшының денесі табылды.

Тірі қалған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындады. Оған ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» тармағы бойынша айып тағылды. Тергеу болжамына сәйкес, қылмыс жасауға ішкі қақтығыстар итермелеген.
«Арқанкерген» шекара заставасындағы оқиғаларға байланысты ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры, генерал-майор Нұржан Мырзалиев 13 маусымда өзін атқарып отырған қызметтен босату туралы рапорт жазды.

23 шілдеде аяқталған психологиялық-психиатриялық экспертизаға сәйкес, В. Челах ақыл-есі сау деп танылды. В.Челахтың өзі 24 шілдеде Алматыдан тергеу шаралары жүргізілетін жерге жөнелтілді. 25 шілдеде В.Челах өзіне тергеу тарапынан қысым көрсетілгенін айтып, қызметтестерін өлтіргені туралы айтқан мойындауынан бас тартты. Осы себепті В. Челах бас прокуратураға шағым түсіріп, тиісті шаралар қабылдауын сұрады. 10 тамызда тергеу тарапынан психологиялық қысым көрсету фактісі бойынша адвокаттар мен бас әскери прокурордың орынбасарының қатысуымен В. Челахтан жауап алынды.

Алайда В. Челах бетпе-бет кездесуде өзіне психологиялық қысым көрсеткен адам ретінде таныған Алакөл АІІБ қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.

31 шілдеде В.Челахты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. 2 тамызда шекара әскерлерінің әскери қызметкерінің үстінен ұрлық жасағаны, мүлікті бүлдіргені үшін 10 шақты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Ал кімдікі екені анықталмаған үш мәйіт бойынша экспертиза Германияда жасалды. Шекара заставасындағы қанды оқиға туралы іс бойынша тергеу 4 қазанға дейін ұзартылды.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қыркүйек 2012, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.