Атырау, 29 наурыз 11:35
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қылмыстық хроника

1 781 просмотра

Атырау-Еркінқала тас жолында 19 қыркүйек, сағат 11-де полицейлер Орал қаласының 20 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Фольксваген-Пассат» көлігін тоқтатты. Көлік салонынан бекіре тұқымдас 35 келі балық табылған.

***

Атырауда «Бекіре» операциясы барысында 19 қыркүйек, сағат 16-да су полициясының қызметкерлері Нысанбаев көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы сарайдан72 келі бекіре тұқымдас балығын тапқан. Балық сақтау үшін қалдырып кеткен Исатай ауданының 23 жастағы тұрғынына тиесілі екен.

***

Молдағұлова-Досмұхамедов көшелерінің қиылысында 20 қыркүйекте тал түсте «Тойота Ланд-Крузер» көлігін сенімхатпен жүргізіп келе жатқан 22 жастағы ер адам 48 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жапа шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді.

***

Махамбет мектептерінің бірінің директоры 21 қыркүйекте таңертең белгісіз біреулердің есік құлпын бұзу арқылы ғимараттың ішіне кіріп, есепшінің кабинетінен компьютер мен электронды «Yamaha» пианиносын ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады. Қылмыс жасады деген күдікпен жұмыс істемейтін 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

***

Атырау қаласының 38 жастағы тұрғыны 21 қыркүйек күні екі күн бұрын теміржол вокзалының маңында 46 жастағы ер адамның себепсіз соққыға жыққанын полицияға хабарлады. Тергеу жүргізілуде.

***

Қызылқоға ауданының Сағыз селосында  22 қыркүйек күні сағат 7-де жеке тұрғын үй өртеніп кетті. Күл арасынан 38 жастағы азаматтың мүрдесі табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Құрманғазы көшесінің бойындағы «Алтын Орда» СҮ-нің қарсы жағынан 22 қыркүйек таңертеңгі сағат 8-де ВАЗ-21150 көлігі ұсталды. Көлік салонынан ілеспе құжаттарсыз 242 келі сазан балығы табылды.

***

Жерұйық ықшамауда-нындағы жекежайдың 58 жастағы қожайыны жұмыс жасаған қызметші әйелдің үйін тонап кеткенін  22 қыркүйек күні полицияға хабарлады. Алтын әшекейлер ұрланып кетіпті. Тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.

***

Облыстық ауруханаға  22 қыркүйекте түнде Гайдар көшесінің (АМӨЗ маңы) тұрғыны пышақ жарақатымен түскен. Ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның бауыры ұсталды. Заттай айғақ (ас үй пышағы) тәркіленді.

26 қыркүйек 2012, 23:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.