AZATTYQ.ORG. «Назарбаевтың мүддесін қорғайтын кандидат» - 23 сәуірде «Нұр Отан» съезінде партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты партия атынан алдағы президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. 19 наурызда елді отыз жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президент өкілетінен бас тартқаннан кейін Тоқаев мемлекет басшысы қызметіне кіріскен еді. Саясаттанушылардың пайымдауынша, Тоқаев Назарбаевтың тұсында «еш қарсылық танытпайтын екінші пландағы ойыншы» болады.
«Бюджет қызметкерлері қосымша жұмысқа мұқтаж» - Жалақысы аз бюджет саласының кейбір қызметкері негізгі міндетіне кері әсер етсе де, қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Заңгерлер еңбек келісім-шартында анық реттелмеген бұл құбылыстың заңға қайшы екенін ескертеді.
QAMSHY.KZ. «Ақшаның біздің соңымыздан жүгіретін кезі бола ма?» - «Біз барлығымыз ақша табу үшін жұмыс істейміз. Ақшаның соңында жүгіреміз. Ал сол ақша біз үшін қашан жұмыс істер екен? Ақшаның біздің соңымыздан жүгіретін кезі бола ма?»
«Таңдау жоқ! Сайлау совет кезіндегі асхананы еске түсіреді» - Алматы қаласында "Adil sailay ushin" атты пікір сайыс өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш шараға қоғам белсенділері мен заңгерлер қатысты. Талқылаудың басым бөлігі алдағы өтетін сайлауға қатысты заң туралы болды.
INFORMBURO.KZ. «Тоқаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Қандай қателіктер жіберді?» - ҚР Президентіне үміткер мемлекеттік тілден сынақ тапсыруға міндетті. Тоқаев сыннан қалай өтті? Нұр Отан партиясының кезектен тыс XIX съезінен кейін Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев 3 кезеңнен тұратын емтиханды тапсырды.
DALANEWS.KZ. «Орыс отарлауының азабын алдымен татарлар мен башқұрттар тартты» - Түркі тектестер арасынан орыс отарлаушыларының теперішін бірінші көрген халықтар – татарлар және башқұрттар.
«№1 патриот – Хасен Қожа-Ахмет» - «Хасен Қожа-Ахмет – қазіргі жер басып жүрген қазақтар арасындағы №1 патриот. №1 патриот болатын себебі Компартия күркіреп тұрғанда Қазақстанның бодан болмауын талап етем деп, екі рет сотталған жалғыз қазақ!